Ғаламшардағы ірі азулы 10 жануар

Ғалымдар азулы жануарлардің тістеуін зерттей отырып, ең үздіктерді атады. Жануарлардың азуының күшін есептеу өте қиын, тіпті мүмкін емес. Бірақ, зоолог мамандар тек үй жанураларына ғана емес, бақадан қолтырауынға дейінгі барлық жабайы жануарлардың ауызына арнайы сезбек (датчик) орнатқан.

Бұл жағдайда олар тек бас және жақ сүйектің өлшеміне ғана мән беріп қана қоймай, тістің жағдайы, бұлшық ет жүйесі мен дененің массасын бақылауға болады. Бірақ, жануар кейде "жалқаулық" танытып, жай тістесе, кейде ашуланып азуының мүмкіндігін толықтай пайдаланатын. Бұндай жағдайдың өзінде тістеу күшін есептеу қиынға соқты. Сондықтан, ғалымдар тістеу күшіне баға берудің өзіндік әдісін ойлап тапты. Ол үшін жануардың физикалық ерекшеліктері назарға алынды. Оған қоса, жануралардың компьютерлік моделі жасалды. Өлшем бірлігі ретінде ньютон, паскаль мен PSI  (кгс/см²) қолданылды. Бір шаршы сантиметрдегі килограм күші арқылы әлемдегі ең азулы жануарларды анықтауға болады. Салыстырмалы түрде, килограмм-күш бір килограмм дененің Жердің беткі қабатына жанасқанымен тең.

Арыстан

Тістеу күші: 45,7 кгс/см²
Бір қызығы, арыстанның тістеу күші ағылшын мастифі аталатын иттен сәл ғана жоғары. Зоологтар оны арыстандардың аңшылық табиғатымен түсіндіреді. Олар топ болып шабуыл жасайды. Қолға түскен жемтігін құлаған жерінде бөліп жейді. Сол себепті оларға жеке жануар ретінде сүйектің күшінің қажеті шамалы дейді. Бірақ, адамдармен салыстырған әлдеқайда жоғары екенін байқауға болады. Адамдар тісінің күші— 11 кгс/см².  

Американың қоңыр аюы

Тістеу күші: 68,5 кгс/см²
Қоңыр аюлар арасында өзінің азуымен көзге түсетін Американың солтүстігін мекендейтін гризли аюының салмағы 450 килограмнан асады. Оның бір соққысы бұланды құлатады. Ғалымдардың айтуынша, аюдың тісінің күші боулинг шарының астаң-кестеңін шығаруға жетеді. Солтүстік Америка тұрғындары қоңыр аюдан қорыққандықтан, одан құтылу үшін жаппай аулауға көшкен. Нәтижесінде 1922 жылы калифорниялық қоңыр аюдың популяциясы жоғалуға шақ қалған. 

Бенгаль жолбарысы

Тістеу күші: 73,8 кгс/см²
Бұл жолбарыстың ақырған дауысын үш километр қашықтықтан естуге болады. Ірі түрлері Үндістан мен Непал аймақтарына жиі кездеседі. Ең ірі бенгаль жолбарысының салмағы 388,7 килограмды көрсеткен. Оны 1967 жылы Үндістанның солтүстік бөлігінде өлтірген. Мысық тәрізді жануарлар арасында бұл жолбарыс өзінің ұзын азуымен көзге түседі. Оның ұзындығы — 6-7 см. 

Дақты қорқау

Тістеу күші: 77 кгс/см²
Дақты қорқау – ғаламшардағы қорқау түрлерінің арасындағы ең үлкені. Оның денесінің ұзындығы 1,3 метрге жетсе, ұзындығы — 80 сантиметр. Ал, салмағы 60 килограмға дейін жетеді. Бұл жануар тек өлімтікпен қоректенеді. Ғалымдардың айтуынша, 90%_ы өздері өлтірген жануарларды қорек етеді. Олар сағатына 60 километр жылдамдықпен жүгіре алады. Бас сүйегінің ірі болуы, жақ сүегі мен тісінің ерекше түзілуі оған киіктен бастап жирафқа дейін жануарларды оңайлықпен өлтіруге мүмкіндік береді. Тісімен сүйектерді кеміріп, ұсақтай алатындықтан, оның артынан қалдық ешқашан қалмайды.  

Ақ аю

Тістеу күші: 84 кгс/см²
Ақ аю — құрлықты мекендейтіндер қатарындағы ніл қолтыраунынан кейінгі ең ірі жануар. Оның ұзындығы 3 метрге дейін жетіп, салмағы 1 тоннаға дейін барады. Басқа аюларға қарағанда, ақ аю тек етпен қоректенеді. Солтүстік полюсті мекендейтін оларға терісі қалын, ірі жануарларды ұстау үшін ірі сүйек пен тіс керек. 

Горилла

Тістеу күші: 91,4 кгс/см²
Приматтар қатарына жататын горилла өзінің азуы мен күші арқылы көзге түседі. Олар тек бананмен ғана емес, жаңғақпен қоректенеді. 

Теңбілшер (ягуар)

Тістеу күші: 105,5 кгс/см²
Теңбілшер тасбақаны шайнап, оның тасын сындыра алады. Жолбарыс тектес жануарлардың басым бөлігі жемтігін алдымен тамағынан қысып өлтірсе, теңбілшер ғана бас сүйгінен тістеп, мойын омыртқасын сындырады. Оның күші арыстанды жолда қалдырады.  

Су сиыры (Гиппопотам)

Тістеу күші: 126,6 кгс/см²
Ғалымдар аналығының тістеу күшін ғана анықтай алды, ал аталықтар зертеуге мүмкіндік бермеді. Сондықтан, жоғарыда көрсетілген тістеу күші әлдеқайда төмендетіліп алынған. Өйткені аталықтар аналыққа қарағанда ірі әрі күшті болып келеді. Су сиыры ауызын 150 градусқа дейін аша алады. Жақ сүйегінің ұзындығы 60—70 сантиметр. Тістерінің беткі қабаты қалын, ұзын азуы бар әрі өткір: олар оны қару ретін және жерді қазу үшін пайдаланады. Адам жүзімді қалай тістесе, олар қарбызды дәл солай шайнай алады. Оларды өсімдікпен қоректенетіндер қатарына жатқызғанымен, олардың сиырға шабуыл жасап, киіктерді жегенін бірнеше рет дәлелдеген болатын. 

Үлкен ақ акула

Тістеу күші: 281 кгс/см²
2008 жылы Стив Вроэ (Steve Wroe) бастаған аустралиялық ғалымдар тобы акуланың сүйектерінің рентгенін пайдалана отырып, компьютерлік модель жасап гығады. Нәтижесінде 6 метрлік үлкен ақ акуланың тістеу күші 281 кгс/см² екені анықталған. Негізі акулалардың азуының күші олардың үлкендігімен байланысты. 3-4 метр ұзындыққа ие акулалар дәл осындай өлшемді қолтырауындардан әлдеқайда әлсіз. Бұл тек теориялық болжам ғана. Оларды тәжірибе жүзінде іске асыру қауіпті болғандықтан мүмкін болмады.  

Ніл қолтырауыны

Тістеу күші: 260 кгс/см²
Флорида штаты Университетінің анатомия және палеобиология профессоры, доктор Грегори Эриксон 10 жылын қолтырауынның барлық түрінің сүйегі мен тістеу күшін зерттеуге арнаған. Эриксон мен оның тобы арнайы сезбекті әр түрінің жақ сүйегіне орнатады. Ең үлкен көрсеткішті 5 метрлі ніл қолтырауыны көрсеткен.