Фридрих Байердің Сан-Паулудағы ерекше көпірі

Фридрих Байердің Сан-Паулудағы ерекше көпірі
Фото: tourweek.ru

Бразилияның Сан-Паулу қаласында ерекше көпір бар. Бұл сәулет өнері Германиялық фармацевтика компаниясына тиесілі "Байер" ғимаратына қарама-қарсы орналасқан.

Пинейрос өзеніне салынған көпір жаяу жүргіншілер мен велосипед жүргізушілеріне өте ыңғайлы.

Ерекше сәулет өнерінің арқасында қала тұрғындары өзеннің келесі жағына емін-еркін өте алады.

Көпірді салу барысында мамандар ерекше көрікті болуына баса мән берген. 

Көпір көлемі 5 метрден тұратын екі дөңгелек платформадан құралған.

Көпірдің ұзындығы 90 метрге жуық жерді алып жатыр. Ортасындағы айырма жолы кемелер мен қайықтардың бөгелмеуіне жағдай жасайды.

Түнгі уақытта көпір тіпті керемет көрініске енеді. Қазіргі кезде бұл жер Сан-Паулу ғашықтарының махаббат мекеніне айналып та үлгерген.

Көпірді салуға 5 миллион АҚШ доллары жұмсалған. Фридрих Байердің бұл еңбегі қаладағы 300 мыңға жуық адамға зор пайдасын тигізіп отыр.

B. ZHAQSYMBET