Фермер Газа секторынан 4500 жыл бұрынғы ежелгі құдайдың тас мүсінін тапты. Бұл туралы WAFA ақпараттық агенттігі жазды.
Палестиналық ғалымдар оны ежелгі ханаандық сұлулық, махаббат және соғыс құдайы Анат деп анықтады. Газаның оңтүстігіндегі Хан-Юнис қаласынан келген фермер өз жерінде егістік жұмыстарын жүргізу кезінде құдайдың өте сирек кездесетін тас мүсінін тапты.
"Біз оны кездейсоқ тауып алдық. Ол лас екен, сумен жудық. Оның асыл зат екенін түсіндік, бірақ мұндай үлкен археологиялық құндылыққа ие екенін білмедік", - дейді фермер Нидал Абу Эйд.
Мүсін сынық күйінде сақталған. Қазіргі уақытта оның биіктігі 22 сантиметр болатын басы ғана қазып алынған. Мүсіннің өзі әктастан жасалған. Мамандардың айтуынша, ол біздің дәуірімізге дейінгі 2500 жылдарға жатады.
Ханаандықтардың ең танымал құдайларының бірі – Анаттың мүсіні қазір Газадағы бірнеше мұражайлардың бірі ретінде қызмет ететін тарихи ғимарат Каср әл-Башаға қойылған.