22 ақпан күні Колумбияның Медельин қаласында 1993 жылы полициямен атысу кезінде қайтыс болған, қылмыс әлемінде даңқы шыққан наркоборон Пабло Эскобардың жанұясымен бірге тұрған "Монако" атты үйін жергілікті әкімшілік бұзып тастады.
8 қабатты үй арнайы жарылғыш заттар арқылы бұзылған. Үй орнында наркомафия құрбандарына арналып жаңа ескерткіш орнатылады. Ғимарат қала батысындағы Эль-Побладо деп аталатын атақты ықшам ауданда орналасқан. Эскобар бұл үйді 1988 жылы өзіне жасалған қастандықтан кейін қауіпті деп тәрк еткен.
Осыған дейін бұл үй Эскобардың мұражайы ретінде қызмет етіп келді. 2018 жылы қала әкімшілігінің шешімімен оның қызметі тоқтатылды. Мұражай үй келушілерге Эскобардың ағасының басшылығымен қызмет көрсеткен.
Айта кетейік, Пабло Эскобар ХХ ғасырдың ең атақты қылмыскерлерінің бірі ретінде тарихқа енген. Ол туралы кітаптар, фильмдер түсірілгені сонша қала халқы оның қаһарман ретінде адамдардың есінде сақталатынына алаңдаған.
Өткен аптада Эскобар қызық үшін баққан су сиырлары жылдар өте көбейіп кетіп, қала тұрғындарына кедергі келтірген болатын. Экологтар су сиырларын қала тұрғындары үшін қауіпті деп тапқан. Олардың саны 4-тен 50-ге дейін артқан. Эскобардың бағында су сиырынан бөлек, піл, керік және мүйізтұмсықтар болған.