Эскимостар – солтүстік өңірде өмір сүретін, сыртқы әлеммен байланысы аз, өмір салты мен әдеттері ешкімге ұқсамайтын аз ұлт.
♦ Эскимостар Гренландия аралында, Канададағы Нунавут аймағында, Аляска аралында және Чукотка түбегінде өмір сүреді.
♦ Ғылыми негіздерге жүгінсек, осыдан 5 мың жыл бұрын Беринг түбегі маңында этнос ретінде қалыптаса бастаған эскимостар әр түрлі табиғи жағдайға байланысты бірте-бірте солтүстік жағалауларды қуалай отырып, әрқилы құрлыққа қоныс аудара бастады.
♦ Эскимос сөзі үндіс тайпаларының тіліндегі "эскиманциг" сөзінен шыққан, яғни "шикі балық жеген адам" дегенді білдіреді.
♦ Бұл ұлт өкілдері эскалеут тілінің әртүрлі диалектілерінде сөйлейді.
♦ Жалпы саны шамамен – 170 мың.
♦ Эскимостар бірнеше отбасылар бірігіп өмір сүреді. Олар ортақ аңшылық қаруды қолданады және бірге аң аулайды. Аң аулау кезінде белсенділік танытқан аңшы қомақты үлеске ие болады.
♦ Олардың басқару ешқандай басқару жүйесі жоқ, барлық ақсақалдар алқасында шешіледі.
♦ Тіршілік ету ортасы суық болғандықтан, эскимостар табиғи жағдайға бейімделіп өмір сүруге тырысады.
♦ Ұжымда ер адамдар бірігіп аң және балық аулау, ал әйелдер ет дайындаумен, киім тігумен, балаларды тәрбиелеумен айналысады.
♦ Эскимостардың үйлері де қарапайым және ерекше. Гренландиялық эскимостар жазда бұғы терісінен тігілген күркелерде, қыста қардан жасалған үй – иглуда тұрады.
♦ Чукотка мен Дат эскимостары болса ағаштан, тастан және балшықтан баспана жасайды. Бөлмелерінің орташа диаметрі 3-4 метр, әр бөлмеде бір отбасы – орта есеппен 10-11 адам тұрады.
♦ Баспанада төсектен басқа жиһаз жоқ. Қарлы маусымда бір иглудан екіншісіне өту үшін тоннельдер салады.
♦ Әйелдер де, ерлер де бірдей киінеді. Қыста негізінен бұғы терісінен жасалған, борсық жүнімен өңделген қалың тон киеді. Оған түрлі өрнектер салады.
♦ Эскимостың тұрмыстық заттары да аз. Олар: шатыр, шана, қайық, иттің қарғыбауы, ыдыс-аяқ, тігін керек-жарақтары.
♦ Эскимостар бір жылға жоспарлап азық жинайды.
♦ Урбанизация осы суық жерлерде байқала бастағанда, эскимостар балық өңдейтін зауыттарға жалданып жұмыс істей бастады.
♦ Эскимостар негізінен ақ аю, итбалық, бұғы және морж. Бір қызығы, олар еттті шикідей жейді.
♦ Табиғаттың қатал суықтығы себепті егіншілікпен айналыса алмайды. Майлы тағамдар оларғы қатал жағдайда өмір сүруге мүмкіндік береді.
♦ Медициналық зерттеулерге сәйкес, эскимостар өсімдік ақуыздары мен дәрумендер тапшылығынан зардап шегеді.
♦ Эскимостар европоид адамдармен көрші тұрғандықтан олар арасында жартылай христиан діні кең таралғанымен, олар негізінен шаманизмді ұстанады.