Сыйлықты алған секілді, өзге біреуге тосын сый жасаудың өзі бір ғанибет. Шаттанып алғысын жаудырған жандарды көргенде сіздің де төбеңіз көкке жетіп, көңіліңіз жайланады. Күнделікті алыс-берісте жүрген сыйлықтардан гөрі, кішкене де болса ерекше нәрселер қуаныш иесін марқайтып тастайтыны тағы бар. Бүгін әлемдегі ең ерекше сыйлықтар топтамасын назарларыңызға ұсынамыз.
1. Америкалық әнші Элвис Пресли өзінің анасын өте жақсы көргені соншалық, қандай сыйлық берерін білмей біраз бас қатырған екен. Соңында көп ойланып өзінің аса жақсы көретін "Кадиллак-Флитвуд-60" маркалы темір тұлпарын анасына сыйлаған. Темір тұлпар қызғылт түсті әрі анасына ұнайтын нәрселермен безендірілген. Анасы дүниеден өткеннен кейін әнші автокөлікті Мемфистегі мұражайға өткізген.
2. Сыйлықтың сұстысы да болады. Молдова президенті Владимир Воронин әзінің әріптесі Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге қолтырауын сыйлаған. Бұл жануарды Путин ешқашан артқа шегінбейтінінің белгісі және ары қарай айбарлы болсын деген ниетпен берген.
3. Британиялық Лора Хэдленд есімді суретші өзінің енесіне шын жүректен үлкен сыйлық жасады. 9852 бөлке нан қолдану арқылы жұбайының анасының портретін салған. Мұндай үлкен көлемдегі сыйлықты енесінің 50 жасына тарту еткен. Осындай ғажап дүниемен суретші гиннес рекордтар кінабына да енген.
4. Ван-Гог есімімен танымал атақты суретші өзінің сүйіктісіне ешкім жасамаған сыйлық тарту еткен. Бірде сүйіктісі суретшінің сырт келбетіне пікір айтып ішіндегі қызғаныш сезімін сыртқа шығарған. Сонда Ван-Гог кері бұрылмастан қай жерінің қатты ұнайтынын сұраған. Ару не дерін білмей, "сіздің құлағыңыз қатты ұнайды", деген екен. Бұл сөзді тікелей қабылдаған суретші оң құлағын кесіп қыздың қолына ұстатады. Мұндай сыйлықтан шошыған қыз қатты қорқып, тіпті тәртіп сақшыларын да шақырған деседі.
5. Мадонна өзінің Гай Ричиге деген махаббатын романтикалық әдіспен ұсынған. Элтон Джонның "Гайге арналған ән" атты тамаша туындысын өзінің сүйгеніне тарту еткен. Бүгінгі күнде Голливуд жұлдыздары осы бір кішкене дүниені ең романтикалық сыйлық ретінде атап айтады.