Эксперимент: Уикипедияда шағын қалалар туралы жаңа ақпарат туризмге ықпал еткен

Эксперимент: Уикипедияда шағын қалалар туралы жаңа ақпарат туризмге ықпал еткен
Фото: Anadolu Agency/Getty Images

Уикипедиядағы деректерді жаңарту – шағын қалалардағы туризмді дамытатын тәсіл. Мұндай тұжырымды Германия мен Италия экономистері жасады.

Олар Испаниядағы бірнеше шағын қаланың Уикипедиядағы парақшаларын жаңартып, көбірек ақпарат қосқан, көрікті жерлерінің атын жазып, сапалы суреттерін салып қойған.

Сонымен бірге мәтіндер француз, неміс, италян және голланд тілдеріне аударылған. Нәтижесінде туристер саны 9%-ке артқан. Бұл үшін тек екі абзац мәтін мен сурет қана жеткілікті болды.

"Егер біз бұны бүкіл туризм индустриясына енгізсек, әсері үлкен болар еді", - дейді экономистер.

Massaget.kz