Әлем елдерінің бәрінде астанасы бар. Әдетте саяси не табиғи себептерге байланысты астананы басқа қалаға көшіруге мәжбүрлік туады. Алайда екі қаланың арасындағы тартыстан пайда болған астаналар да бар.
Аустралияның астанасын білесіз бе? Иә, бұл Канберра. Дегенмен, Аустралияны естігенде еске бірден Сидней мен Мельбурн түседі. Дәл осы екі қаланың арасында қайсысы астана болуға лайық екені туралы тартыс болады. Ел билігі қала тұрғындарын ренжіткісі келмей, екі қаланың ортасынан жаңа астананы тұрғызуды шешті. Осылайша 1908 жылы Канберра Аустралияның жаңа астанасы болып, Сидней мен Мельбурн арасындағы бәсекелестікке нүкте қойды.
Дәл осындай жағдай Канада елінде болды. Елдің екі ірі қаласы – Торонто мен Монреаль астана статус алуға бәсекеге түседі. Алайда 1857 жылы Оттава астана болды.