- Негізгі бет
- Әлемтану
- Джеймс Уэбб телескопының...
Джеймс Уэбб телескопының алғашқы бес суреті
NASA өзінің жаңа Джеймс Уэбб инфрақызыл ғарыш обсерваториясы түсірген ғаламның бес шашыраңқы бұрышының алғашқы суреттерін жариялады.
Джеймс Уэбб телескопы ғарышқа 2021 жылы желтоқсанда ұшырылды. Оның қажетті жұмыс істейтін орбитаға шығуына бір ай қажет болды. Одан кейін 5 ай бойы ғылыми аспаптары реттелді. Телескоп 11 шілдеде ғылыми бағдарлама бойынша жұмыс істей бастады.
"Бұл суреттер Уэббтің біз дұрыс қоя алмайтын сұрақтарға жауап табуға көмектесетінін көрсетеді. Бұл сұрақтар ғаламды және ондағы адамның орнын жақсырақ түсінуге көмектеседі", - дейді NASA директоры Билл Нельсон.
Карина тұмандығындағы жаңа жұлдыздың тууы. © NASA, ESA, CSA, STScI
Ғарыштағы тау жыныстары және жұлдыздардың тууы
Бұл фотода ғарыш пейзажы – жұлдызды аспандағы ең үлкен және ең жарық нысандардың бірі – Карина тұманындығындағы (NGC 3324) алып ғарыш шаң бұлтының бір шеті бейнеленген. Бұл тұман Жерден 7,5 мың жарық жылы қашықта орналасқан.
Фотосуреттегі кейбір "тастардың" ұзындығы 7 жарық жылына жетеді. Бұлттан көтерілетін "бу" – бұл тұман өскен сайын үздіксіз атқылайтын қыздырылған газ және шаң бөлшектері. Алғашқы жұлдыздар осы бұлттарда дүниеге келген.
Стефан квинтетіндегі галактикаларды қолмен санауға болады: аты айтып тұрғандай, олардың саны бесеу. Бұл сурет 150 миллион пиксельден тұрады және 1000 рет бөліп түсірілген. Әзірге ғарыш телескоптары түсірген ең үлкен сурет. © NASA, ESA, CSA, STScI
Галактикалар мен қара құрдымның эволюциясы
Стефан квинтеті — 1877 жылы астрономдар ашқан Пегас шоқжұлдызындағы бір-біріне жақын орналасқан бес галактикалар тобы. Олардың төртеуі 210-340 миллион жарық жылы қашықта орналасқан және бір-бірімен тұрақты байланыста қозғалады.
Астрономдардың айтуынша, мұндай тығыз галактикалар тобы ерте ғаламда өте кең таралған және олардың бөлшектерінен қара құрдым пайда болған.
Суреттегі ең жоғарғы галактиканың орталығында (NGC 7319) массасы Күннен шамамен 24 миллион есе ауыр қара құрдым бар.
Бұл суретте WASP 96-b экзопланетасының атмосфералық құрамы спектральды түрде талданған. Экзопланета атмосферасында көп мөлшердегі су буының бұлттары табылды. © NASA, ESA, CSA, STScI
Экзопланеталық атмосфераның құрамы
Күнге ұқсас жұлдызды айналып өтетін алыстағы экзопланета атмосферасында Джеймс Уэбб судың анық іздерін, сонымен қатар атмосферада бұлттардың барын анықтады.
Сонымен бірге планетаның өзі Жерге мүлде ұқсамайды: көлемі жағынан ол бірнеше есе үлкен, негізінен қыздырылған газдан тұрады.
Кез келген аспан денесінде белгілі бір элементтің немесе заттың молекулаларының болуын спектроскопия арқылы анықтауға болады, ал Уэбб бірнеше жүз жарық жылы қашықтықтағы экзопланеталардың атмосферасын талдай алады.
Оңтүстік шеңбердің екі нұсқасы
Кескіннің ортасындағы күңгірт жұлдызды айналадағы шаң мен газ бұлттары мыңдаған жылдар бойы көзден жасырып келген.
Үшінші суретте сөніп бара жатқан жұлдыз бейнеленген.
©: NASA, ESA, CSA, STScI
Оңтүстік шеңбер тұманының ортасында да екі жұлдыз көрінеді. Сөніп бара жатқан жұлдыз өз бетінен молекулалық сутегі мен сутегі иондарын ғарыш кеңістігіне шығарып жатыр.
© NASA, ESA, CSA, STScI
"Джеймс Уэбб" инфрақызыл сенсорлардың арқасында оны анық көре алды.
Өйткені, инфрақызыл толқындар көрінетін жарық толқындарынан ондаған, тіпті жүздеген есе ұзын. Сондықтан олар жұлдызаралық бұлттардан оңай өтіп, әлдеқайда алысқа тарайды.
NASA көпшілікке суреттің екі нұсқасын көрсетті – жақын (жоғарғысы) және инфрақызыл (төменгісі).
Алысты көремін
Соңғы сурет – Карина тұмандығындағы SMACS 0723 галактика шоғыры.
Суретте 4,6 миллиард жыл бұрын қалыптасқан SMACS 0723 галактика тобы көрсетілген. Галактика шоғыры ғарыштың құм түйіршіктеріне тең ауданын алып жатыр. © NASA, ESA, CSA, STScI
Бұл бүгінге дейін ғаламның ең айқын және дәл инфрақызыл бейнесі. Оны алу үшін Джеймс Уэбб әртүрлі толқын ұзындығындағы жарық бөлшектерін жинауға 12,5 сағат жұмсады.
Кескіннің өлшемі құм түйіріндей болғанымен, онда мыңдаған галактикалар бар. Олардың ішінде Ғаламның жасы 1 миллиардтан аз болған кезде пайда болғандар бар.
Т. Раушанұлы