- Негізгі бет
- Әлемтану
- Джефф Безос тарихтағы...
Джефф Безос тарихтағы алғашқы триллионер атануы мүмкін
Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос табысы 1 трлн доллардан асқан алғашқы адам атануы мүмкін. Бұл туралы Comparisun сервисінің зерттеуінде айтылды.
Компания мамандарының пікірінше, Безосқа триллионер атануы үшін әйелінен ажырасқанда жоғалтқан 38 миллиард доллар да, коронавирус та әсер етпейді. Оның байлығы соңғы 5 жылда орташа есеппен 34 пайызға өсті. Егер алдағы уақытта да Безостың табысы осылай сақталып қалатын болса, онда ол 2026 жылға қарай әлемдегі алғашқы триллионер атанады дейді сарапшылар.
Билл Гейтс қаржысын қайда жұмсайды?
Forbes мәліметтеріне сәйкес, Безостың байлығы қазіргі уақытта 143,9 миллиард долларға тең.
Табысы триллион долларға жетуі мүмкін адамдардың қатарында қытайлық Сюй Цзяинь бар. Comparisun сарапшыларының айтуынша, ол Безостан бір жыл өткен соң триллионер атанады. Alibaba Group негізін қалаушы Джек Маннның байлығы 2030 жылға қарай 1 трлн долларға жетеді.
Джек Ма: "Біз мүмкіндіктер дәуірінде өмір сүріп жатырмыз"
Зерттеушілер Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг 2036 жылға қарай тарихтағы ең жас триллионер атануы мүмкін дейді.
Т. Раушанұлы