Данияда карантин жарияланғанына қарамастан Орхус қаласының маңында концерт өтті. Дегенмен тыңдармандар изоляция ережесін бұзбай, концертті көлікте отырып тыңдаған. Осылайша музыкант Мадс Лангер концертіне 500-ден аса адам келген.
Концерт туралы 6 күн бұрын белгілі болған, билеттің бәрі бірнеше минутта сатылып кеткен. Концертке арнайы сахна құрастырылып, көліктердің кіріп-шығуына ыңғайлы алаң жасалған. Әнші дыбысы көліктердің радиосына трансляцияланған. Сонымен бірге әнші Zoom арқылы да байланысқа шығып отырған.
"Мен осыған дейін көп концерт қойдым. Бірақ ең ерекшесі осы болды", - дейді Мадс Лангер.
Публикация от Mads Langer (@madslanger)24 Апр 2020 в 10:53 PDT
Жергілікті полицияның айтуынша, концерт көрермен көңілінен шыққан: "Барлығы жақсы өтті. Адамдар ережені сақтады, көліктер жарты сағат ішінде тарап кетті".
Еске салайық, бұған дейін сарапшылар фестиваль мен концерттерді 2021 жылдың күзіне дейін тоқтатуға кеңес берген еді.