- Негізгі бет
- Әлемтану
- БҰҰ-ның азық-түлік бағдарламасы...
БҰҰ-ның азық-түлік бағдарламасы Нобель сыйлығын алды
Фото:
ria.ru
Норвегия Нобель комитеті 2020 жылғы бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығын Дүниежүзілік Азық-түлік Бағдарламасына (WFP) беру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы 9 қазан, жұма күні Нобель комитеті хабарлады.
Ұйым бұл марапатты "аштықпен күресудегі қайраты, жанжалды аймақтардағы жағдайды жақсартуға қосқан үлесі, соғыс пен қақтығыстарда қаруды қолданбауға бағытталған күш-жігері үшін" алды.
Айта кетейік, кеше әдебиет бойынша Нобель сыйлығы АҚШ ақыны Луиза Глюкке берілді. Швеция академиясы оның "өмірді өзінің әдемілігімен әмбебап ететін поэтикалық дауысын" жоғары бағалады.
Т. Раушанұлы