Осы жылдар ішінде адамзат баласы үшін қаншама қайырымдылық шараларына ұйытқы болған ұйымның жұмысы халықтың көңілінен шықпай, сынға ұшырауын тоқтатқан емес. Атқарған істерінің бәрі бірдей көпшілікке белгілі болмағанымен, қауымдастық құрылғалы мыңдаған адамның өміріне ара түсіп, жер шарында бейбіт әрі жарқын өмірге бастар талай іске ұйытқы болды.
Ұйымның негізі 1919 жылы 22 миллионға жуық адамның өмірін жалмаған I Дүниежүзілік соғыстан кейін қаланған еді. Ол кезде «Ұлттар одағы» деген атаумен құрылып, бейбіт өмір үшін күресетін болған. Алайда өз мақсатына жете алмаған ұйым 65 миллион адам көз жұмған II Дүниежүзілік соғыс отының тұтануына жол беріп қойды. Оған қоса бұл соғыста әлем жұртшылығына қауіп төндіретін ядролық қару қолданылды. Осыдан кейін 1945 жылы Сан-Францискода 50 мемлекеттің өкілдері кеңесіп, жаңа ережеге бағынатын жаңа «Біріккен ұлттар ұйымын» құрады.
Біріккен ұлттар ұйымының алдына қойған негізгі төрт мақсаты бар. Олар – болашақта соғыс отын тұтандырмай ұлттар достығын нығайту, адамзат құқығын қорғау, халықаралық әділетті сот орнату және осы мақсаттарға жету үшін ұлттардың бірлесіп әрекет ететін орталығына айналу. Ұйымның Бас Ассамблеясында әлемнің түпкір-түпкірінен келген зиялы қауым адамзат тағдырына қатысты шешімдер қабылдайды. Ал мұндай Ассамблея биыл 70-мәрте ұйымдастырылмақ. Ұйым өз атқарған істері үшін мақтанады.
Пан Ги Мун, БҰҰ бас хатшысы:
- Біз биыл ұйымның мерейлі 70 жылдығын атап өту үшін жиналамыз. Әлем елдері мен ұйымдарының көшбасшылары тағы да жаһандық жылыну мен халық тұрмысының төмендеуін тоқтату мәселесін қарастыратын болады. Біз мерейлі 2015жылды нәтижелі болса екен дейміз. Барлығымыз біріге адамзат баласы мен жаһан үшін аянбай еңбек етеміз.
Ұйым өз ісін арнайы мекемелер мен қорлар арқылы жүзеге асырады. Олардың қатарында ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, даму жоспары, босқындар ісі жөніндегі агенттік, әлемдік азық-түлік жоспары, және бітімгерлік күштері бар.
Ал әлемдегі бейбітшілікке Қауіпсіздік кеңесі жауап береді. Бұл кеңеске әлемнің ВЕТО құқығы бар бес мемлекет мүше және бұл елдер бір-біріне қарсы қару бағыттай алмайды.
Казірде ол жылына 40 миллиард доллар қаржы жұмсайды. Бұл қауымдастық құрылған кездегі қаржы қорынан 2000 есеге артық. Ұйым қорына оған мүше 193 ел қаржы салып отыруға міндетті. Қаржы көлемі Бас ассамблеяда бекітілген ереже бойынша мелекеттің ішкі табысы мен халық санына байланысты бекітіледі. Бірақ ел бюджетінің 22%-ынан аспауы тиіс.
Бүгінде әлемнің 200 елінің 193-і – осы ұйымға мүше. Қалған мемлекеттер қауымдастық мүшелерінен қолдау таппаған немесе мүшелікке кіруге құзіреттілігі сәйкес келмейді. Олардың әрқайсысы әлем елдері енген ұйым мүшелігіне өтіп өзге елдермен иық тіресе жұмыс істеуге ұмтылуда.
Бірікен ұлттар ұйымы Ливияға әуеден соққы жасауға рұқсат бергеннен кейін қатаң сынға алынып жаңа реформа жасау керектігі жиі айтыла бастады. Алайда бұған қарамастан, олар қаншама адамның өміріне араша түсіп, қаншама келіспеушіліктерді шешкені аян. Ұйымының бұрынғы бас хатшысы Даг Хаммаршёльд айтқандай, Біріккен ұлттар ұйымы - адамзатқа жұмақ сыйлаушы емес, тозақтан құтқарушы ұйым.
Дереккөз: 24.kz