Британия Еуропалық Одақтан ресми түрде шықты

Британия Еуропалық Одақтан ресми түрде шықты
Фото: independent

Орталық Еуропа уақыты бойынша 1 ақпан күні Британия ресми түрде Еуропалық Одақтан шықты.

Британия Брексит бойынша референдумнан соң 188 апта өткеннен кейін Одақтан шықты. Шығуға дайындық Лондон мен Брюссельде күн бойы жүрді, ал Борис Джонсон британдықтарға "ұлттық жаңғыруға" уәде берді.

Премьер жаңа Британия көші-қонды бақылайтын, еркін экономикалық аймақтар құратынын, климаттың жаһандық өзгеруіне қарсы күресті тоқтатпайтынын және түбінде қылмысты жеңетінін айтты. ЕО-дан ресми шығу сәтінде техникалық дайындық күні бойы жүргізілді.

 
А. Рысдәулет