8 маусым — Халықаралық Мұхит күні. Бүгін атаулы күнге сәйкес бүкіл тіршілік иесінің негізі саналатын мұхиттар туралы қызықты деректермен бөлісетін боламыз.
1. Дүниежүзілік мұхиттардың өте аз зерттелгені сонша, егер 3500 метрден астам тереңдікке сүңгіген жағдайда, ғылымға беймәлім жануардың жаңа түрін кездестіру ықтималдығы жоғары болады. Оған қоса қоқыстар үйіндісіне тап болуыңыз да мүмкін.
2. Мұхит ғаламшарымыздың климатын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Теңіз ағындары әр түрлі ендіктер бойынша жылы немесе салқын суды тасымалдай отырып, жылудың жер бетінде таралуына жауап береді. Судың жылу сыйымдылығы үлкен болғандықтан, мұхитқа жақын орналасқан аймақтарда температураның күрт ауытқуы сирек кездеседі.
3. Жер бетінің 70%-дан астам бөлігін мұхит алып жатыр.
4.Талассофобия – мұхиттан немесе теңізден қорқу. Бұл қорқыныш сезімі теңіз не мұхитпен байланысты кез келген ойдан туындауы мүмкін. Тек жүзуден ғана емес, оның астын мекендейтін тіршілік иелері, толқындар мен жағалауды елестеткен сәттен-ақ адамды үрей билейді.
5.Дүниежүзілік мұхиттағы өсімдік және жануарлар популяциясының 50%-дан көбі Тынық мұхитына тиесілі.
6. Мұхиттың ең терең жері — Тынық мұхит суларында Солтүстік Мариана аралдарына жақын орналасқан Мариана шұңғымасы.. Оның тереңдігі – 11022 метр.
7. Дүниежүзілік мұхит сулары жердегі барлық судың 96% құрайды. Теңіз суымен салыстырғанда тұщы су көлемінің аздығы сонша, мұхитқа түсетін тұщы су мұхит суының бетіне бөлсе, онда оның қалыңдығы небәрі 1,25 метрдей болады.
8. Мұхиттағы су үздіксіз толқындар мен ағыстармен араласатындықтан, оның құрамы барлық бөліктерінде шамамен бірдей.
9. Әлемде мұхитты ғаламшарлар деп аталатын алуан түрлі ғаламшарлар бар. Олардың бетін толығымен су жауып жатады. Қазіргі уақытта белгілі GJ 1214 b ғаламшары бар.
10. Әлем мұхиттарды зерттеуші француз Жак-Ив Кустоға су өткізбейтін камералар, акваланг және су астындағы жарықтандыру құрылғыларын жасап шыққаны үшін қарыздар. Оның өнертабыстары су асты әлемін тани түсуге айтарлықтай әсерін тигізді.
11. 1998 жылы француз жүзгіші Бенуа Лекомт Атлант мұхитының бірнеше аймағын қайықсыз жүзіп өткен бірінші адам болды. Оның ерлігі "Гиннестің рекордтар кітабына" енген жоқ. Жүзу барысында оны акулаларды көрсететін, бортында электромагниттік өрісі бар желкенді қайық қасына серік болып жүрді. Ол желкенді қайықта үзіліс жасап, 73 күн бойы күніне орта есеппен 8 сағат жүзген. Оның ерлігінен кейін БАҚ өкілдері Бенуаны Атлант мұхитын толықтай жүзіп шыққан адам деген ақпарат таратты. Бірақ ақпарат расталмады.
12. Тынық мұхитының Саргассо теңізі аймағында пластмасса және басқа да қалдықтардан тұратын үлкен қоқыс алаңы бар. Мұхиттарға түскен қоқыстар бірте-бірте бір аумаққа шоғырланып, ағындардың әсерінен қалыптасқан "қоқысты мұхит" аумағы жылдан жылға артып келеді.
13. Бір кездері зерттеушілер Күн жердегі барлық тіршілік көзі деп есептеген еді. Күн сәулесі түспейтін мұхит тереңдігін мекендейтін тірі тіршілік иелерінің табылуы бұл болжамды жоққа шығарды.
14. Бір литр теңіз суында 38 мыңға жуық микроағзалар бар.
15. Мұхиттардың орташа температурасы 5°С, ал орташа тереңдігі 3700 метр.
16. Тек Тынық мұхитының өзінде 30 000-ға жуық су асты таулары бар. Олардың небәрі 1%-ы зерттелген.
17. Құрлықтан алыс, биіктігі 30 метрге жететін алып толқындар саналатын "өлім толқындары" деген ұғым бар. Су астындағы жер сілкіністерінің нәтижесінде пайда болатын және тек таяз суда үлкен биіктікке ие болатын цунамилерден айырмашылығы, "өлім толқындарының" пайда болуы геофизикамен байланысты емес. Бір қызығы, мұндай толқындар төбелер де, ойықтар да болуы мүмкін.
18. Ең кіші және ең таяз мұхит – Солтүстік Мұзды мұхит. Тынық мұхиты - ауданы мен тереңдігі бойынша ең үлкен.
19. Найзағай мұхитқа қарағанда құрлыққа жиі соғады. Бірақ ол мұхитқа соққан кезде судың тоқ өткізгіштігі арқасында, су бетіне жақын жүзіп жүрген теңіз жануарларын өлтіре алады.
20. Мұхит күні 2009 жылы белгіленді. Содан бері "Дүниежүзілік мұхиттар күнін" 8 маусымда шекарасы мұхитпен астасқан елдер атап өтеді.