- Негізгі бет
- Әлемтану
- Бір ғимарат тарихы:...
Бір ғимарат тарихы: Букингем сарайы
Букингем сарайы ағылшын тілінде "Buckingham Palace" аталады. Бұл ғимарат – британ билеуші монархтарының лондондық резиденциясы. Пэлл-Мэлл көшесіне қарама-қарсы орналасқан. Сонымен қатар, оның алдында Виктория патшайымының ескерткіші орнатылған. Монарх сарайда болған кезде сарай күмбезінде ту желбіреп тұрады.
– Букингем сарайы орналасып, қазіргі таңда әлемдік деңгейдегі саясаткерлерді күтіп алып, айрықша қабылдаулар ұйымдастырылатын жерде XVII ғасырда жібек құрттары өсірілген. Олардың өсірілуі бұл жерде тұрақтаған жоқ, өйткені, 1633 жылы көлемді тұрғын үй құрылысы басталып кетті.
– Сол заманның талабына сай салынған үй 1698 жылы Джон Шеффилдтың қолына түскенге дейін иелері мен жалдаушыларын талай мәрте ауысты. Бір жылдан кейін Шеффилд оны ештеңеге жарамайды деген себеппен бұздырады. Төрт жылдан соң Шеффилдке Букингем герцогы атағы берілді. Жаңа герцог замандастары арасында "Лондондағы ең керемет үй" деген аты тараған әдемі үй салдырды. Ресми деректер бойынша сарайда 775 бөлме бар – 19 салтанат залы, ақсүйектер мен қонақтарға арналған 52 жатын бөлме, қызмет көрсетушілерге арналған 188 бөлме, 92 қызмет бөлмесі мен 78 жуыны бөлмесі. Жалпы, ғимарат ұзындығы 108 метр, ені 120 метр, ал биіктігі 24 метр.
– 1762 жылы король Георг III бұл ғимаратты сатып алады. Ал, 1837 жылы бірнеше рет жасалған модернизация нәтижесінде Букингем-хаус сарайға айналып, біз білетін монарх жанұясының резиденциясын ретінде танылды.