Боливия: наразылық, әйелдер күресі, ерекше түрме және басқа да қызықтар туралы

Боливия – Оңтүстік Америкадағы көпұлтты мемлекет. Бұл елде туристік онша дамымағанына қарамастан жыл сайын саяхаттаушылар көптеп келеді. Боливияда испан тілі ресми тіл аталғанымен елде кечуа тілі де кең тараған. Жергілікті тұрғындар бұл екі тілден басқа тағы 33 тілде сөйлеседі. Жер көлемі жағынан 27 орында тұрады. 

Боливияның көптеген туристік көрнекті орындары биік тауларда орналасқан. Мысалы, ел астанасы Ла Пас теңіз деңгейінен 3600 метр, Титикака көлі – 3810 метр, Тиванку жәдігерлері – 3885 метр, Уюни тұзды көлі 3706 метр, Патоси қаласы 4090 метрде биіктікте орналасқан. Сондықтан, Боливияда оттегі жетіспеушілігін жиі сезесіз. Мұндай кезде туристер коки жапырағынан дайындалған шай ішеді. Бірақ есіңізде болсын кокиден кокаин дайындайды. Сондықтан, оны басқа елдерге тасымалдауға болмайды.

Спорт

Оттегі жетіспейтіндіктен, басқа елдердің спортшыларына жергілікті жағдайға бейім боливиялықтармен бәсекеге түсу қиынға соғады. Боливия футбол командасы Латын Америкасындағы ең әлсіз футбол командасының бірі, бірақ олар өз алаңында бразилиялықтарды да жеңіп кетеді.  Халықаралық футбол федерациясы таулы Боливия қалаларында халықаралық матчтарға тыйым салатынын айтқан. Бірақ таудағы стадиондарын мақтан тұтатын боливиялықтар наразылық ретінде 4000 метр биіктікке жаңа стадион салатынын мәлімдеген.

Сонымен қатар, бұл елде реслинг спорт түрі жергілікті әйелдер арасында кең таралған.

Оруро Карнавалы

Оруро – бұл Ла-Пастан шамамен 3 сағаттық биіктікте орналасқан шағын тау-кен қаласы. Егер бұл жерде жыл сайын әлемге әйгілі “Карнавал де Оруро” өткізілмесе, туристер үшін бұл таңқаларлық болмас еді.

Оруро Карнавалы – Боливияның ең танымал туристік шарасы. Жыл сайын мұнда 400 000 адамға дейін жиналады. Егер сіз жылдың осы уақытында Боливияға баратын болсаңыз, Оруроға сапар шегіңіз. Ол жерде боливиялықтардың мәдениеті қандай әдемі және ерекше екенін көресіз! Биылғы карнавал  23 ақпан - 04 наурыз аралығында өткен.

Тағам

Оңтүстік Америка елі ет және картоп тағамдарымен танымал. Жергілікті халық картошканың 250 түрін егеді. Ла-Пастағы орталық базарға барып, ең дәмді дәстүрлі тағамдардан дәм тәтсаңыз болады. Бұл елде АҚШ фаст-фудтарын ұнатпайды, сондықтан Мcdonalds ресторандарының бірде-бірі жоқ. Тіпті жергілікті тағамдардың АҚШ фаст-фудтарын қалай жеңгені туралы деректі фильм түсірілген. Боливия тұрғындары тамақты жеке өнер және ол ұзақ пісу керек деп есептейді.

©nat-geo.ru

Ерекше түрме

Ла-Пас қаласында әлемдегі ең ерекше түрме – Сан-Педро орналасқан. Бұл үлкен қабырғалармен қоршалған үлкен қала. Ішінде дүкендер, тігіншілер мен аяқ киім фабрикалары бар. Тұтқындар ақша табу үшін аталған өндіріс орындарына жалданып жұмыс істейді. Мәселен, егер тұтқынның мүлде ақшасы болмаса, бетон еденде ұйықтайды, ал ақша таба алса, джакузи, теледидар, интернеті бар пәтер жалдап тұра алады. Тұтқындардың әйелдерімен және балаларымен бірге тұруға құқығы бар. Сондықтан түрмеде күн сайын екі ауысымда қарапайым қалалық мектеп жұмыс істейді.

Түрме аймақтарға бөлінген, әр аймақтың өз президенті бар. Аймақ басшысының сөзі – заң. Сондықтан, бұл түрмеде ұрыс-керіс пен жанжал болмайды. Егер біреу ережені бұзса, оны кәдімгі түрмеге ауыстырады. Ал кәдімгі түрмеге баруды ешкім қаламайды.

Интернет

Боливиядағы үйлерде интернет жоқ. Сондықтан интернет кафелер өте кең таралған. Оның ішінде әлеуметтік желіде отырған, ойын ойнаған адамдарды көптеп кездестіресіз.

Көшелер мен қоғамдық көліктер

Боливияда ескі жапондық микроавтобустарды қоғамдық автобустар ретінде қолданады. Олардың барлығында жазулар жапон тілінде жазылған, өте ескі автобустар қоршаған ортаға өте зиян түтінді көптеп шығарады. Қалаларда ағаштар аз, өйткені тығыз орналасқан көше мен ғимараттар өте көп, көшелер көбінесе тротуарсыз. Сондықтан, біріншіден, көшеде тыныс алу өте қиын, екіншіден, бағдаршам жоқ, сондықтан машианалар мен адамдар бей-берекет қозғалады. Туристер үшін жолдан өту қиын.

Наразылық

Боливиялықтар наразылық білдіруді жақсы көреді. Олар аптасына бірнеше рет наразылық акцияларын өткізеді. Соңғы 200 жыл ішінде Боливияда әртүрлі деңгейдегі 200-ден астам төңкерістер болған.

Ауа райы

Боливиядағы ауа-райының болжамы бір қаланың аудандарында  әртүрлі болуы мүмкін. Өйткені көптеген қалалар таулардың баурайында орналасқан. Бес жүз метрден жоғары немесе одан төмен жерде орналасқан қала аудандарындағы ауа-райы  бір-бірінен өзгешеленеді.

Жергілікті халық үнді деп атағанды нәсілдік кемсітушілік деп біледі

Боливияның басым халқы үнділер болсада олар өздерін үнділер деп атағанды ұнатпайды. Сондықтан бұл елге барғанда indio сөзін айтудан аулақ болыңыз.

Өлім жолы

Өлім жолы – Ла-Пастан Короикоға (Юнгас) баратын жол ресми түрде “әлемдегі ең қауіпті” деп аталады. Бұл жолдан жыл сайын орта есеппен 26 автобус пен автомобиль тұңғиыққа құлап, ондаған адам қаза тапқан.

1983 жылы ең ірі жол апаты орын алған. Ла-Пастан Корикодағы үйіне қайтуға асыққан адамдар, автобусқа мінеді. Жолаушылардың көптігі сонша жүргізуші белгіленген нормадан екі есе артық адам алуға мәжбүр болған. Бір қауіпті бұрылыста көлік тайып кетіп, төменге құлап кеткен. Нәтижесінде 100 адам қайтыс болған. 2007 жылы Ла-Пас пен Короиканы байланыстыратын қауіпсіз жол салынғаннан бастап “өлім жолымен” бірде-бір көлік қатынамайды. Қазір ол жол тек туристер үшін ғана ашық. 

Егер “Өлім жолы” оқырмандарымызды қызықтырса, бұл туралы кеңінен жазатын боламыз.