Биткоинды ресми төлеу құралы еткен әлемдегі алғашқы ел 

Биткоинды ресми төлеу құралы еткен әлемдегі алғашқы ел 
Фото: ВВС

Сальвадор парламенті заң қабылдады, оған сәйкес биткоин-криптовалюта елдегі ресми төлем құралына айналды.

Биткоин дегеніміз не немесе "сары алтын" туралы бірер сөз

Дауыс берген кезде 84 депутаттың 62-сі заң қабылдау үшін дауыс бергені айтылды. Осылайша Сальвадор әлемде алғаш болып биткоинді төлеу құралы ретінде заңдастырды.


Жақын арада жаңа заңға ел президенті Найиб Букеле қол қоюы керек. Басылым президенттің ел экономикасына 3 BTC (44 млн. теңге) салған адамның барлығына азаматтық беретіні туралы хабарлайды.

"Біз әлемдегі барлық криптандардың бізге көшкенін қалаймыз", — деді Найиб Букеле.

Сонымен, елде битокиндерді төлемге қабылдау міндетті болады. Ел Президенті криптовалюта АҚШ долларымен бірге заңды төлем құралы болатынын баса айтты.
Үкімет сонымен қатар ресми крипто-әмиян құруды жоспарлап отыр және BTC-ті АҚШ долларына автоматты және жедел айырбастауды қамтамасыз ету үшін Сальвадор Даму Банкі негізінде сенім қорында 150 миллион долларлық биткоиндарды сақтайды.

"Еліміздің экономикалық өсуіне ықпал ету үшін азаматтардың қаржылық интеграциясына ықпал ету үшін құны тек еркін нарық критерийлеріне бағынатын цифрлық валютаның айналымына рұқсат беру керек", — деп айтылған заң жобасында.

Lightning Network Strike төлем платформасының негізін қалаушы Джек Муллерс ел президентін тарихи күн құрметіне құттықтап, бұл қадам күнделікті қолданудағы биткоиннің қуаты мен әлеуетін ашуға көмектесетінін айтты.

Айта кету керек, заң 90 күннен кейін күшіне енеді. 6 маусымда Сальвадор президенті Найиб Букеле елдегі биткоинді заңдастыру жоспарын жариялаған болатын.

Т. Раушанұлы