Сіз бұрын-соңды "биші субұрқатар" немесе "биші ағаштар" туралы естіген де боларсыз. Ал, Прага қаласында "биші ғимарттың" бар екендігінен хабардарсыз ба?
Көздің жауын алатын алдарыңыздағы мына бір ерекше ғимаратты халық арасында «мас үйшік», «стақан» немесе атақты биші жұптың құрметіне орай, «Джинджер және Фред» ғимараты деп атау дәстүрі қалыптасқан.
Ғимарат Чехия жеріндегі Влтава өзенінің жағалауында, Праганың дәл орталығында орналасқан.
«Биші ғимартыттың» тарихына көз жіберіп көрелік.
«Биші үйшіктің» орнында бұрын-соңды болған үй 1945 жылдың қаңтарында бұзылған болатын. Бұл іске сол кездегі Чех президенті Вацлав Гавел араласпайынша, бұзылған үйдің орны жарты ғасыр уақыт бойы бос тұрған екен. Чех президенті бос тұрған алаңқайға өз елінің белгілі сәулетшісі Владо Милуничтің жобасы бойынша жұртты таң қалдыратын ғимарат тұрғызуды жоспарлайды.
Сонымен қатар, жобаға американдық сәулетші, Притцкер сыйлығының лауреаты Фрэнк Гери де қатысады.
«Мас үйшіктің» құрылысы Вацлав Гавеланың жетекшілік етуімен 1994-1996 жылдар аралығында жүргізілді.
Ғимараттың негізгі сәулеттік идеясы - «Джинджер және Фред» ретінде танылған атақты биші жұп Фред Астера мен Джинджер Роджерстің есімдерімен тікелей байланысты. Мұны бір қараған кез келген адам оп-оңай ұғып алады. Ғимараттың цилиндр пішінді екі бөлімінің бірі ер мүсінін (Фред), ал екіншісі қыпша белді, белдемше киген әйел мүсінін бейнелейді.
Жобаның негізгі идеясы шындыққан айналғанымен, жергілікті халық арасында «Джинджер және Фред» атауы қолданысқа ие болып кете алмады. Есесіне «биші» немесе «мас» деген күлкілі атаулар жиі айтылады.
Казіргі таңда ғимарат бірнеше халықаралық компаниялардың кеңселері орналасқан іскерлік орталығына айналған. Үйдің шатырында тамақтанып отырып, Праганың таңғажайып көрінісін тамашалауға болатын француз мейрамханасы бар.