Бейрут әуежайындағы тексерістен жолбарыстың үш баласы табылды

Бейрут әуежайындағы тексерістен жолбарыстың үш баласы табылды
Фото: ekabu.ru

Ливан елінің астанасы Бейрут әуежайындағы тексеріс барысында ағаш жәшіктің ішінен таңғажайып жануарларды тауып алған.

Сібір жолбарысының үш баласы бұл мекенде бір аптаға жуық уақыт өмір сүрген. Тексеріс жүргізген мамандардың сөзіне сүйенсек, жабайы жануарларды ең алғаш көргенде аш болған екен және кішкене жәшіктің ішінде толыққанды бой жазып тұра алмаған. Ал, ұзақ уақыт тазаланбай әрі қараусыз қалған жәшіктің ішіне түрлі вирусті таяқшалар пайда болған. Тексеріс барысында бұл жанауарлар Украинаның Николаева зообағынан Дамаск қаласына жеткізілуі тиіс екен. Сілеусінге айырбас болған жолбарыстардың құжаттарының барлығы дұрыс әрі ешқандай заңсыз жолмен тасмалданбағанын Укарина зообағының мамандары айтып дәлелдеу үстінде. Олардың сөзінше құны бірнеше мың доллар тұратын таңғажайып жануарларды ливандықтар өз елінен жібергісі келмегенін алға тартады.

Әзірге бұл іс үш ел арасында қызу талқыға түсіп жатқандығы белгілі. Өйткені мұндай бағалы жолбарыстар діттеген жеріне жетпейтін болса, жануарларды қорғау орталықтары да бұл іске араласуы ықтимал. Ал, уақытша мекені жоқ сібірлік үш жолбарыс Бейруттың арнайы қорғауында өмір сүріп жатыр.  

 

B. ZHAQSYMBET