- Негізгі бет
- Әлемтану
- Бай адамдардың көбі...
Бай адамдардың көбі қай қалада тұрады?
Жер бетіндегі ең бай адамдардың саны (very-high-net-worth, VHNW) өткен жылы 10%-ға артқан. Wealth-X компаниясы жасаған зерттеу бойынша бақуатты тұлғалар саны 2,7 миллионға жетіп жығылған.
Бай адамдардың саны ғана артып қоймай, табыстары да молая түскен. Компания дерегі бойынша байлықтары 10%-ға көбейіп, 26,6 триллион долларды құраған. Бақуатты адамдар табысының артуына ірі орталық банктердегі түрлі өзгерістер оң әсерін тигізген.
Ең бай адамдар саны бойынша АҚШ көш басында тұр. Одан кейінгі орында Қытай орналасқан. Жапония, Германия мен Франция да бай адамдар тұратын елдердің алдыңғы қатарында.
Ең бай адамдардың көбі – Нью-Йоркта тұрады. Одан кейін байлар мекендейтін қалалар қатарына Токио мен Гонконг орналасқан. Лос-Анджелес, Лондон, Париж, Чикаго, Сан-Франциско, Вашингтон және Даллас – алғашқы ондықта.
Н. Үсенова