Христиан және мұсылман дін өкілдерінің ең қасиетті ғибадатханарының бірі болып саналатын Айя Софияның қайта мешіт болып ашылуы әлемде резонанс тудырды.
Айя София қашан салынды?
♦ 360 жылы Византия императоры Константин негізін қалаған шіркеудің ағаш шатыры 404 жылы жанып кетті. Кейін қалпына келтірілді.
♦Византия императоры Юстиниан І-нің бұйрығымен 532-537 жылдар аралығында шіркеу қазіргі көрінісіндегідей етіп қайта салынды.
♦ Византия сәулетшісі Исидор Милетский және математик Антемий Тралльский шіркеудің құрылысына жауапты етіп бекітілді. Сол уақытта айтулы шіркеу епископиялық орталық болып Византия империясы үшін маңызды еді. Құрылысқа 10 000-нан астам жұмысшы тартылды.
♦ Шіркеудің құрылысы 5 жыл 10 айға созылды, сол кездегі Византия тарихшылары бұл әлемдегі ең үлкен ғимарат деп жазды.
♦ Шіркеу ішіндегі мозаика 565 - 578 жылдар аралығында салынды.
♦ 1204 жылға дейін Айя София бірнеше жер сілкінісі мен өрттен аман қалып, қайта қалпына келтірілді.
♦ 1204 жылы шығысқа жорыққа шыққан крестшілердің қолына өткен шіркеу 1261 жылға қарай Рим-католик шіркеуіне айналды.
♦Византиялықтар 1261 жылы Константинопольды қайта жаулап алып, ғибадатхана қайтадан православ шіркеуіне айналды.
Айя София қалай мешіт болды?
♦Осман сұлтаны Фатих Сұлтан Махмұд 1453 жылы 29 мамырда Ыстамбұлды жаулап алғанда, Айя София жараланған византия сарбаздарына, әйелдер мен балаларға пана болды.
♦Ыстамбұл Осман империясының иелігіне өткеннен кейін де бірнеше күн бойы Православие шіркеуінің мүшелері Айя Софияда дұға етуді жалғастырды.
♦1453 жылы 1 маусымда Ыстамбұлда алғашқы жұма намазын оқыған Фатих Сұлтан Махмұд Айя Софияны мешіт деп жариялады. Ғимарат мешітке айналдырылды.
♦ 1481 жылы алғашқы мұнара салынды.
♦ Екінші мұнара Фатих Сұлтан Мехметтің орнына келген II Сұлтан Баязидтің кезінде салынды.
♦1509 жылы Ыстамбұлдағы жер сілкінісі нәтижесінде алғашқы мұнара құлап, орнына кірпіш мұнарасы тұрғызылды.
♦Сұлтан Сәлім II-нің кезінде сәулетші Синан жүргізген күрделі жөндеу кезінде тағы екі мұнара салынды. Сондықтан әртүрлі уақытта салынған Айя Софияның 4 мұнарасы бір-бірінен ерекшеленеді.
♦ Сәлім II-нің қабірі Айя Софиядағы алғашқы сұлтанның қабірі. Айя Софияда сұлтандардың, олардың әйелдері мен ханзадалардың 43 қабірі бар. Олардың қатарында III Сұлтан Мұрад, III Сұлтан Махмұд, Сафия Сұлтан және Нұрбану сұлтан бар.
♦ Айя София 1616 жылы Сұлтан Ахмад мешіті салынғанға дейін Осман мемлекетіндегі ең үлкен және маңызды мешіт болып саналды.
♦ 1739 жылы мешітке медресе, кітапхана және ас үй қосылды.
♦ Айя София 1847-1849 жылдары жөндеуге жабылды.
♦ Ғимарат соңғы рет 1849 жылы мешіт ретінде ашылған.
Республика кезінде не өзгерді?
♦ 1923 жылы республика жарияланғаннан кейін мешіт ретінде пайдаланылған Айя София 1931 жылы жабылды.
♦ 1931 жылы Америкадағы Византия институтының негізін қалаушы археолог Томас Уиттемор Түркияның жаңа үкіметінен Айя Софиядағы мозайкаларды қалпына келтіруге рұқсат сұрады.
♦ Президент Мұстафа Кемал Ататүріктің рұқсатымен басталған жұмыс 15 жылға созылып, 1947 жылы аяқталды.
♦ Түркияда жаңару басталғаннан кейін көп ұзамай жабылған Айя София Министрлер Кеңесінің 1934 жылғы 24 қарашадағы шешімімен мұражай ретінде ашылды.
♦ Айя София мұражайы келушілерге 1935 жылы 1 ақпанда ресми түрде ашылады.
♦ Мұражай 1996 жылы Дүниежүзілік ескерткіштер тізіміне қосылды.
♦ Ескерткіштің күмбезі мен мұнаралары 1997-2002 жылдары Дүниежүзілік ескерткіштер қорының қолдауымен күрделі жөндеуден өтті.
♦ Мұражай сонымен қатар ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілген. Қалпына келтіру жұмыстары бүгінде әлі жалғасып жатыр.
♦ Жыл сайын көптеген туристер келетін бұл тарихи ғимаратқа 2015 жылы 3 миллион 425 мың турист келген.
♦ 2017 жылы бұл сан 1 892 000-ға дейін төмендеді.
Неліктен Айя София дау тудырды?
♦1967 жылдың 5 шілдесінде Ыстамбұлда болған католик шіркеуінің жетекшісі Рим Папасы Павел VI Айя Софияға дұға ету үшін барған.
♦ Келесі күні Ұлттық түрік студенттер одағы жетекшілері Айя София мұражайында дұға ету арқылы жауап берді. Дәл осы оқиғадан кейін Айя Софияның мәртебесі туралы алғашқы ауыр пікірталас туындады.
♦ Шамамен 25 жылдан кейін, 1991 жылы – Махмуд I-нің тұсында сұлтандардың демалып, дәрет алуы үшін салынған Хункар павильоны ғибадат ету үшін ашылды.
♦ 2016 жылдың қазан айында оған имам тағайындалды. Хункар павильонында айт намазы мен бес уақыт намаз оқылып, азан шақырылады.
♦ 2014 жылдың қараша айында Рим Папасы Франциск Ыстабұлға сапарында Айя Софияға барып, мұражай директорынан қалпына келтіру жұмыстары туралы ақпарат алды.
♦ Хункар павильонына имам тағайындалғанға дейін, 2005 жылы Қор, тарихи жұмыс және экологиялық қызмет одағы Мемлекеттік кеңеске 1934 жылғы Министрлер Кеңесінің шешімінің күшін жоюды талап етіп сотқа жүгінді. Мемлекеттік кеңес бұл өтінішті қабылдамады.
♦ 2006 жылы христиан және мұсылман мұражай қызметкерлері үшін арнайы ғибадатхана орны ашылды.
♦ 2017 жылдың 13 мамырында Анадолы жастар қауымдастығы ұйымдастырған топ Айя Софияның алдында таң намазын оқыды.
♦2017 жылғы 21 маусымда Дін істері департаменті Аяси Софияда Ләйлат әл-Қадр бағдарламасын ұйымдастырды. Бағдарлама ТРТ мемлекеттік арнасында тікелей эфирде көрсетілді.
♦ Соңында, 2018 жылдың наурыз айында Президент Режеп Тайып Ердоғанның Айя София музейіндегі Едитепе Биенналенің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінен бұрын Құран оқылды.
♦Соңғы оқиғалар Православие әлемінде реакциямен қарсы алынды, Ұйымдастырушы қор, тарихи жұмыс және қоршаған ортаны қорғау қызметі қауымдастығы ғибадат ету үшін Айя Софияның қайта ашылуын талап етті.
♦ 2018 жылдың қазанында конституциялық сот қауымдастықтың талап-арызын қабылдамады.
♦ Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған 2020 жылы 10 шілдеде Айя София қайта мешіт болатын жарлыққа қол қойды.
♦ 2020 жылы 24 шілдеде 1093 жыл шіркеу, 481 жыл мешіт болған ғимарат 1934 жылдан бергі 86 жылдық музей ретіндегі күшін жойып, қайта мешіт болып ресми түрде ашылды.
Айя Софияның мешіт болып ашылуына қарсы пікір білдірушілер
♦ Католик шіркеуінің жетекшісі Рим Папасы Франциск Айя София мәртебесінің өзгеруіне қарсы пікір білдірді.
"Мен Айя Софияға қатты алаңдаймын, жүрегім ауырады", - деді ол.
♦Дүниежүзілік шіркеулер қауымдастығы: "бұл шешім әртүрлі конфессиядағы адамдарды диалог пен ынтымақтастық үстелінің айналасында біріктіруге бағытталған барлық күш-жігерді жойды", - деді.
♦ Италья католик шіркеуінің "Аввенире" газеті Айя Софияның мешіт болып ашылуына қарсы ретінде "Жара жаңарды" деген айдар ашты.
♦ Еуропалық Одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Джозеф Боррелль шешімнің "өкініш әкелетінін" айтты.
♦ АҚШ мемлекеттік департаменті бұл шешімнен "көңілі қалғанын" мәлімдеді.
♦ Президенттік сайлауға қатысып жатқан АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті және демократ Джо Байден де бұл шешімге қатты өкініш білдіріп, Ердоғанды оны өзгертуге шақырды.
♦ Орыс православие шіркеуі де бұл шешімді "миллиондаған христиандардың алаңдаушылығы ескерілмеген" ешім екенін айтты.
♦ Греция бұл шешімді "ашық арандатушылық" деп атады.
Осы елдің премьер-министрі Кириакос Мицотакис жұма күні Түркияны "проблема тудырушы" деп атады.
"Бүгін Ыстамбұлда көрсетіліп жатқан нәрсе күштің белгісі емес, әлсіздік", - деді ол.
Түркия Сыртқы істер министрлігінің өкілі Хами Аксой сенбі күні Грецияның реакциясына жауап қайтарды. Осылай екі ел арасындағы қарым-қатынас шиеленісіп кетті. Грецияда жаппай Түріктер туын жағу белең алды.