Америкалық әуесқой астроном Николас Холмс өзінің YouTube каналында ғалам туралы қызықты видеолар жариялайды. Бірде ол “Жерді Күн жүйесінің планеталары Айдың орбитасымен айналып қозғалса не болар еді?” деген сұрақ айналасында бас қатырып көрген.
Холмс оны монтаждаған видеосы арқылы жасаған. Ол видеосында Меркурий ғаламшарын бейнелемеген. Себебі бұл планета көлемі жағынан Аймен бірдей. Бірақ үлкен ғаламшарлар Юпитер мен Сатурн Ай орнында болса, олар Жерден өте ғажап боп көрінген болар еді.
JAXA Жапон ғарыш агенттігінің ғаламшар ғалымы Джеймс О'Донохью осы видеоға түсініктеме беріп, ғаламшарлар өлшемінің дұрыс екенін айтты. Сонымен бірге, видедо бірнеше қателіктер бар. Атап айтқанда, планеталарға түсетін күн сәулесі әртүрлі болады. Планеталар әртүрлі бұрыштарда және әртүрлі жылдамдықпен айналады. Ең бастысы, олар, әсіресе Юпитер мен Сатурн Жерге Ай сияқты жақын қашықтықта болса, тартылыс күшінің әсерінен Жер бетіндегі тіршілік жоғалып кететін еді.
Бірақ Холмстың идясы әлем бойынша таралып, оны түрлі нұсқалары пайда болған. Соның бірін “Роскосмос” мамандары да жасаған.