Айдың арғы бетіндегі "жұмбақ нысанның" не екені белгілі болды

Айдың арғы бетіндегі "жұмбақ нысанның" не екені белгілі болды
Фото: Reuters

Ғарыш сааласындағы журналист Эндрю Джонс Қытай роверінің Айдың арғы бетін түсірген жаңа фотосуреттерді жариялады. Бұл суреттер бойынша үйге ұқсайтын жұмбақ нысаннның сыры белгілі болды.

Қытайдың Юйту-2 ровері Айдың арғы бетінде суретке түсірген жұмбақ нысан кратердің шетіндегі жартас болып шықты. Бұл туралы CNet хабарлады.


© CNSA/CLEP/Red circle by Amanda Kooser/CNET

Оның алғашқы суреті желтоқсан айының басында жарияланған. Нысан сыртқы түрі бойынша үйге ұқсайды. Юйту-2 2019 жылы Айдың арғыбетіне алғаш жеткен ровер. Ол Вон Карман кратері аймағына қонған.

© CNSA/CLEP

Айта кетейік, желтоқсан Айында Қытайдың "Юйту-2" ровері Айдан жұмбақ нысанның текше тәрізді суретін жіберді.

"Айдың арғы бетіндегі Юйту-2-ден хабар келді. Солтүстік көкжиекте белгісіз текше тәрізді нысан табылып, оны "жұмбақ үй" деп атады. Ровер оның не екенін анықтау үшін алдағы 3-4 күнде жақындайды. Нысан бағана немесе жатпланеталық емес екені анық, бірақ зерттеуге тұрарлық жұмбақ", - деп жазған еді желтоқсан айында Эндрю Джонс.

Сол кезде оның қандай жұмбақ нысан екенін анықтау үшін ровердің оған жақындап баратыны айтылған еді.

Т. Раушанұлы