- Негізгі бет
- Әлемтану
- Аустралияда ғажайып ғимарат...
Аустралияда ғажайып ғимарат бой көтерді
Аустралия тек кенгуруларымен ғана емес керемет ғимараттарымен де әлемге танымал. Бір материкті тұтастай алып жатқан мемлекеттің өзгелерге көрсететін дүниесі жетерлік. Мұнда келіп саяхаттаған туристер таңданыстарын жасырмай, тағыдай қайта келуге талпынады екен. Аталған мекеннен енді тағы бір ғажайып ғимарат бой көтерді. Жер бетінен 40 м биіктікте орналасқан жалдамалы үй ауада қалықтап тұрғандай әсер сыйлайды.
"The Pole House" деп аталатын үйдің жан жағынан тек биікте тұрғаныңды ғана сезіне аласың. Мұнда келушілердің басым бөлігі бал айын өткізуге немесе бойындағы адреналин күшін сезіну үшін қонақ болып кетеді екен.
Үйдің ішіне ену үшін ең алдымен әйнектен жасалған кішкентай көпірден өту керек.
Сонымен қатар мұнда келіп ұзақ уақытқа тұрақтап қалуға болмайды. Өйткені туристерге арналып жасалған ғимарат әзірге сатылымға шыққан жоқ. Егер мұндай мекен көптеген адамның көңілінен шығып жатса, болашақта аустралиялықтардың жаңа қоныстарын да осылай елестетуге болады.
B. ZHAQSYMBET