- Негізгі бет
- Әлемтану
- Атақты компаниялар Жаңа...
Атақты компаниялар Жаңа жыл науқанын қалай пайдаланады?
Жаңа жыл алдындағы екі апта маркетологтар үшін нағыз жауапты кезең. Себебі мереке жақындаған сайын тұтынушылар белсене түседі. Ал олардың назарын аударту аса маңызды. Назарыңызға ең әсерлі Жаңа жылдық жарнамаларды ұсынамыз.
WestJet
Канадалық WestJet авиакомпаниясы жолаушылардың тілегін орындап, сыйлыққа қарық қылды.
Coca-Cola
Coca-Cola маркетологтары әдеттегідей ерекше жарнама жасаған. Компания адамдарға мейірім төгіп, бөлісуге шақырады.
KLM
KLM компаниясы Рождество мерекесін әуежайда қарсы алатындарды қолдаған екен. 3 жыл бұрын шыққан ролик кең таралып, біршама қаралым жинады.
Apple
Ролик смартфонға тәуелді балалардың проблемасын көрсетіп жатқандай болуы мүмкін. Бірақ әсте олай емес екен.
Edeka
Edeka компаниясы отбасы құндылығын жақсы көрсеткен. Балалары Рождество қарсаңында әкесінің өлімін естіген соң, бастары қосылады. Ролик YouTube-те 66 миллионнан аса қаралым жинаған.
English First
English First тіл оқыту орталығы екі тіл білудің артықшылығын көрсеткен.
Massaget.kz