Әскері жоқ 8 мемлекет

Әлемде әскери қақтығыстардың көлемі артып келеді. Алып мемлекеттер өз әскерінің саны мен күші арқылы бәсекеге түссе, кей мемлекеттер әскерсіз-ақ өмір сүруде. Бүгін назарға әскері жоқ мемлекеттер тізімін назарға ұсынамыз.

1
Андорра

Еуропаның оңтүстік-батыс аймағында орналасқан мемлекеттің 1933 жылдан бері әскері жоқ. Мемлекетке шабуыл жасалған жағдайда екі ірі көрші мемлекеттер Франция мен Испания қорғауға міндетті. 1993 жылы "Татулық, достық және ынтымақтастық туралы келісімге" қол қойған. Тұрақты түрде елде 12 сарбаз қызмет етеді, олардың қызметі туды салтанатты түрде көтерумен шектеледі. Кейбір мәліметтер бойынша, оларды ұстауға қаражат ерікті қайырымдылық арқылы жиналады.

2
Вануату

Бұл арал мемлекеті 1980 жылы Ұлыбританиядан бөлініп шығып, өз тәуелсіздігін алды. Содан бері мемлекеттің жеке әскері жоқ. Вануатуның қауіпсіздігін полиция және 300 еріктіден тұратын "шағын мобильді күштер" қамтамасыз етеді. Еріктілер тобы полициядан көмек сұрау қиын елдің шеткі аралдарындағы тәртіпті сақтауға көмектеседі. Алайда 1994 жылы олардың 50-і Папуа-Жаңа Гвинеяға бітімгершілік миссиясын орындауға жіберілді.

3
Ватикан

1929 жылы жасалған Латеран келісімдеріне сәйкес, Ватиканға бейтарап мәртебе берілді: "Рим Папасы халықаралық қатынастарда мәңгілік бейтарап жақты сақтауға және барлық тараптар арнайы талап етпесе, дауларға қатысудан бас тартуға уәде берді". Кішкентай штаттағы тәртіпті жандармерия (полицияға ұқсас) басқарса, Швейцариялық гвардия Рим Папасының жеке қауіпсіздік жасағы ретінде қызмет етеді. Ол 1506 жылдан бері келеді және құрамында 100-ге жуық әскер бар. Содан кейін Рим Папасы Юлий II Еуропадағы ең мықты деп саналатын швейцариялық сарбаздар әскерін құрды. Дәстүр әлі күнге дейін сақталған. Гвардияшылар міндетті түрде Швейцария әскерге қызмет еткен 19 бен 30 жас аралығындағы католиктер болуы керек. Тіпті олардың бойына да қойылатын талап бар: 174 сантиметрден төмен болмауы керек. Айлық жалақысы шамамен – €1500.

4
Исландия

Орналасқан аймағына байланысты Исландия ешқашан жаулап алу нысаны болған емес. XVIII ғасырдың екінші жартысында, Наполеон соғыстары басталғанға дейін ондаған жылдар бұрын, аралдың әскері 1500 жылдардағы ежелгі қарулармен қаруланған бірнеше жүздеген сарбаздардан тұрды. Осыған байланысты британиялықтар 1808 жылы Исландияны еш қарсылықсыз басып алды. XIX ғасырдың ортасында заманауи әскер құру ойлары сәтсіз аяқталды. 1940 жылы Ұлыбритания немістердің басып алуына жол бермеу үшін аралға қайтадан орнықты. Бір жылдан кейін британиялық сарбаздар америкалықтармен ауыстырылды. Америка Құрама Штаттары Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін елдегі гарнизонды сақтауды жалғастырды. 1949 жылы Исландия әскері болмаса да НАТО-ның негізін қалаушы мүшелерінің бірі болды. Алайда, жағалау күзеті 1960 және 1970 жылдары Солтүстік Атлантикада балық аулау құқығы үшін Ұлыбританияның Корольдік Әскери-теңіз күштерімен бірнеше рет тікелей қақтығысқа түскен еді. Бұл қақтығыстар "Сайда соғыстары" деп аталды.

2006 жылы АҚШ әскерлері Исландиядан шығарылды. Содан бері аралда қарулы күштер болған жоқ, бірақ ел НАТО-ның қамқорлығына алынған, Сонымен қатар, жағалау күзеті исландиялық балықшылардың Солтүстік Атлантикалық суларда сайда балығын аулау құқығын әлі күнге дейін қорғау үстінде. 

5
Коста-Рика

1948 жылы Коста-Рикада жалған сайлауға байланысты үкімет пен оппозициялық күштер арасындағы азаматтық соғыс 44 күн бойы болған. Бұл ел тарихындағы ХХ ғасырдағы ең қанды оқиға болды. Көтерілісшілер жеңіске жетті, оның жетекшісі Хосе Фигерес Феррер президент болды. Ол әскерді таратып, оны қайта құруға тыйым салды. Содан бері, Орталық Америкадағы көршілерінен айырмашылығы, Коста-Рика бейбіт және зайырлы парламенттік демократия ретінде дамыды. Мемлекет тұрақты түрде халықаралық бақыт индексінің алғашқы жиырма елдің тізіміне кіреді. Ел президенті және Нобель сыйлығының иегері Оскар Ариас Санчес айтқандай: "қақтығыстарды әскери жолмен шешу соңғы шара болуы керек. Біз әрқашан келіссөздер үстелінде шешім жолын табамыз".

6
Лихтенштейн

Еуропаның орталығындағы бұл шағын мемлекеттің 1866 жылдан бері әскері жоқ. Аустро-Пруссия-Италия соғысы кезінде ықтимал шабуылдан қорғау үшін елдің оңтүстік шекарасына 80 адамдық гарнизон жіберілді. Тарихшылардың айтуынша, "олардың тау пейзажынан ләззат алудан, шарап пен сыра ішуден және күні бойы түтікшелерді тартудан қолдары босамаған". Оның үстіне, жеті аптадан кейін соғыс аяқталғанда, Лихтенштейннің "әскері" кеткендегі санынан артылып оралды. Оған аустриялық офицерлердің бірі қосылған. Осы оқиғадан кейін ел парламенті мүмкіндікті пайдаланып, әскерді таратуға дауыс берді. Басты себеп ретінде мақсатсыз шығындар аталды. Қазір Лихтенштейнде көршілес Аустрия мен Швейцарияның әскерімен тығыз байланыста жұмыс істейтін полиция қызметі ғана бар.

7
Маршалл аралдары, Микронезия, Палау

Тынық мұхитының ортасында орналасқан осы үш шағын арал-мемлекет 1980 жылдары АҚШ-пен "Еркін бірлестік туралы келісімге" қол қойды. Америка Құрама Штаттары олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сондықтан Палау, Микронезия және Маршалл аралдарында әскерлер жоқ. Ішкі тәртіпті полиция мен жағалау күзеті қамтамасыз етеді.

8
Панама

Панама әскері 1903 жылы ел Колумбиядан тәуелсіздік алған кезде пайда болды. Келесі 87 жыл әскери төңкерістерді, диктатураларды және америкалық басқыншылықты бақылауда ұстаумен болды. Ақырында, 1990 жылы ақпанда штат парламенті тұрақты әскериқұруға тыйым салатын Конституцияға өзгертулер енгізді. Содан бері Панаманы полиция, шекарашылар және басқа да құқық қорғау органдары күзетеді.