Германиядағы Потсдам ауа-райын бақылау институтының зерттеушілері еріп жатқан Гренландия, Батыс Антарктида және Арктика мұздарының климатқа әсерін зерттеді.
Қазіргі кезде адам және өндірістік кәсіпорындар ауаның қалыпты градустан 1,5°С-қа артуына әсер етіп жатыр. Мұздың еруі жаһандық климатты қалыптыдан 0,43°C-қа дейін жылытады.
Еріп жатқан мұздықтардың бестен бір бөлігі Арктикада. Осы мұхит мұзы ғасырдың ортасына қарай жойылып кетуі мүмкін. Бұл ғаламдық жылынуды одан әрі жеделдетеді. Мұндай жағдайда да Қытайдың ауаның ластануын қалыпқа келтіру әрекеттері нәтиже бермейді.
Мұздың еруі қауіпті ме?
Ең негізгісі, аталмыш мұздық әлемдегі экожүйенің маңызды бір бөлігі саналады. Себебі мұхит мұзы Күн сәулесін шағылыстырып, ғарышқа қайтарады. Осылай ғаламшарымызды ысып кетуден сақтайды. Гренландия мұздығы да осындай қызметті атқарады.
Гренландия мен Батыс Антарктидада мұз қабаттары да қайта қалпына келмейтін дәрежеде еріп кеткен. Ғалымдардың пайымдауынша, жедел шара қолданбаса, 1,5 жылдан кейін бұл апаттың алдын алу мүмкін болмай қалады. Алайда зерттеушілер адамзат теңізге ағатын қалдықтарды азайтса, мұздықтардың қалғанын сақтап қалуға болады деп санайды.