ХХ ғасырдың басына дейін планетамыз қазіргідей ластанбаған еді. Себебі, тұрмыстық заттардың көпшілігі қолдан жасалған, жиі қайта пайдаланатын және жалпы бағасы жоғары болатын. Оларды қоқысқа лақтырудан бұрын ұзақ пайдаланатын. Табиғаттың ластану проблемасы 1900 жылдары басталып, 1950 жылдары пластикті кеңінен қолдану кезінде үдей түсті.
Үйдегі кез келген зат жиі қоқысқа тасталатын болды. Олар тіпті табиғатқа еніп, оны улай бастады. Бұл қоқыстардың ішінде өте зияндары бар. Олар қоршаған ортаға ғана емес, адам денсаулығына да кері әсерін тигізеді. Бұл туралы hi-news жазды.
© lampaexpert
Люминесцентті электір шамының зияны
Шамамен 1990 жылдарға дейін қарапайым қыздыру шамдары жиі қолданылды, олар жиі қызып, көп электр энергиясын қажет етті. Бірақ содан кейін люминесцентті шамдар көптеген елдердің тұрғындары арасында үлкен танымалдылыққа ие болды. Олардың артықшылығы – жақсы жарық бөледі және 90 000 сағатқа дейін жануы мүмкін. Бірақ бұл шамдарда бір үлкен минус бар – олардың ішінде сынап көп. Әдетте әрбір люминесцентті лампада 3-тен 5 миллиграмға дейін улы метал бар деп есептеледі.
© rlst.org.by
Батареялардың зияны
Батареялар да қоқысқа жиі тасталады. Оларды адамдар күнделікті тұрмыста жиі пайдаланады. Батареяның зияндылығы әрбірінің құрамында мырыш, никель, кадмий, қорғасын және сынап сияқты ауыр металдардың болуында.
Кішкентай батареяларда көптеген зиянды заттар бар. Корпустың ішінде болғандықтан, олар адамдарға ерекше қауіп төндірмейді. Алайда, қоқыс жәшігіне лақтырып жіберсеңіз, олар қоқыс алаңына түсіп, топырақ пен суды улайды. Бір батарея 400 литр су мен 20 шаршы метрге дейінгі жер учаскесін улайды. Сондықтан батареяларды ешқашан қоқыс шелегіне тастамаңыз.
© drogichin.by
Тұрмыстық химия өнімдерінің зияны
Әрбір ас үйде ыдыс жуғыш сабын және әр жуынатын бөлмеде кір жуғыш өнім бар. Барлық тазартқыш өнімдерде адам денсаулығына өте қауіпті белсенді заттар болады. Әрбір адам жыл сайын шамамен бір литр тұрмыстық химия өнімін жұтады. Әдетте олар жуылған ыдыс-аяқтан тамақ ішкенде біздің ағзамызға енеді.
© dekoriko
Бояулар мен еріткіштердің зияны
Қауіпті тұрмыстық қалдықтардың тағы бір түрі бояулар мен лактар. Олардың барлығында көздің, тыныс алу жолдарының және терінің қабықшаларын тітіркендіретін заттар бар. Бояулар мен лактарды ұзақ пайдаланғанда адамның жүйке жүйесіне, денсаулығына зиян келтіреді.
© marthastewart.com
Ескі электроникалық техниканың зияны
Әрбір үйде ескі телефон, теледидар т.б гаджеттер болады. Олардың құрамында адам денсаулығына және қоршаған ортаның тазалығына зиян тигізетін ауыр металдар бар. Электроникада кадмий өте қауіпті элемент, оның буы адам ағзасына еніп, көп мөлшерде жинала алады. Ол өкпеге, бүйрекке, асқазан-ішек жолдарына және сүйекке зақым келтіреді.