Шамамен 90 миллион жыл бұрынғы Жер шарын көз алдыңызға елестетіңізші? Бор кезеңі... Динозаврлар... Тағы не болуы мүмкін?
Бор кезеңінде алып динозаврлар Жер бетінде емін-еркін тіршілік етті, ал жанартаулар қазіргіден әлдеқайда жиі және күшті атқылайтын еді. Жанартау атқылауынан көптеген су буы мен көмірқышқыл газы планетамыздың атмосферасына еніп, Жер бетінде қатты парниктік газ пайда болды. Су буы мен көміртегі диоксиді планетамызды полиэтилен пакетіндей орап, күн сәулесінің ғарышқа шағылысуына жол бермеді. Нәтижесінде, Жер шары жылып кеткен. Тіпті қазір суық Антарктикада ауа температурасы шамамен 13 градус болған.
Динозаврлар кезіндегі Жер
Бор кезеңінде Антарктидада динозаврлар еркін өмір сүруге қолайлы ауа райы болғаны рас. Қазір мәңгілік мұз мекенінде осыдан 90 миллион жыл бұрын өзен ағып, түрлі өсімдіктер өскен. 2017 жылы немістің бір топ ғалымдары Антарктидадағы Амундсен теңізін зерттеуді қолға алған. Олар Амундсен теңізін 30 метр тереңдікте бұрғылап, оның өзегінен 88 миллион жыл бұрынғы тіршілік қалдықтарын тапқан. Бұл бор кезеңіндегі жан-жануар мен өсімдіктердің қалдықтары еді.
Өзек (Керн) – бұл Жер бетіндегі терең шұңқырдан алынған таужыныстың үлгісі. Алынған материалдарды зерттей отырып, ғалымдар ежелгі уақытта қалыптасқан климатты анықтап, ежелгі өсімдіктердің түрлерін тани алады.
Антарктидадағы ежелгі өсімдіктер
Ежелгі топырақты зерттеген профессор Иоганн П.Кледжс (Johann P. Klages) бастаған ғалымдар өсімдік тамырларының қалдықтары мен олардың тозаңдарын тапқан. Бұл қалдықтарды қазіргі өсімдіктердің тамырымен және тозаңымен салыстыра отырып, олар ежелгі Антарктида аумағында қылқан жапырақты ағаштар, папоротниктер, тіпті гүлдері бар өсімдіктер өскенін анықтаған.
Қазіргі уақытта Антарктидада 90 миллион жыл бұрын мынадай өсімдіктер өсті деп сеніммен айта аламыз:
• Оңтүстік Америкада және Африкада кездесетін Podocarpaceae тұқымдас қылқан жапырақтар;
Аустралия мен Жаңа Гвинея аралдарынан табуға болатын Araucariaceae тұқымдас қылқан жапырақты өсімдіктер;
• Ферналардың үлкен саны, оның ішінде Cyatheaceae тұқымдасы, қазіргі таңда 514 түрі бар;
• Beauprea гүлді өсімдіктері, олардың жақын туыстары африкалық протейлер
Ежелгі ауа райы
Миллиондаған жыл бұрын Антарктидада жасыл өсімдіктер жайқалып өсіп, орман арасында тұщы өзендер аққан. Қазіргі кезде әдебиет, сурет және кино өнерінде ежелгі Антарктида ыстық, тропикалық жер ретінде көрсетіледі. Шындығында, қазіргі заманғы стандарттар бойынша климат соншалықты жайлы болған жоқ, өйткені ауа температурасы орташа 13 градустан аспаған. Ал жаз кезінде ауа температурасы максималды түрде 18,5 градусқа дейін көтерілген. Оның үстіне ежелгі Антарктидада жиі жаңбыр жауатын болған.
Антарктидада өсетін ағаштар атқылап жатқан жанартаулардың әсерінен ауа температурасының көтерілуіне ықпал етті.
Орманның, судың, құмның қардың және мұздың күн сәулесін шағылыстыру қабілеті – Жер бетіндегі альбедо деп аталады.
Орман төмен альбедоға ие, сондықтан олардың жинақталған жерлерінде климат салыстырмалы түрде жылы. Қар мен мұзда жоғары деңгейлі альбедалар бар, сондықтан қазіргі Антарктида өте суық.
Ормандар Антарктидада 70 миллион жыл бұрын жоғалып кеткен болуы мүмкін. Содан кейін біздің планетамыздағы континенттердің орналасуы өзгере бастады, бұл сөзсіз жанартаулардың белсенділігіне әсер етті. Жанартау белсенділігінің, теңіз деңгейінің және басқа да өзгерістердің нәтижесінде планетамыздағы ауа температурасы төмендей бастады және кей жерлерде ол -45 градусқа дейін жетті.
Бүгін біз Антарктиданы қар және мұз жамылған шөл деп білеміз, онда пингвиндер, ақ аюлар мен ғалымдар ғана өмір сүреді. Қазір мұзды континентте таңқаларлық өзгерістер болып жатыр, өйткені жақында оның кейбір аудандарында ауа температурасы динозаврлар кезіндегідей 18,3 градусқа дейін көтерілді. Климаттың өзгеруі Антарктиданың келбетін өзгертуде, енді оны біздің планетамыздағы аппақ қарға оранған мәңгі мұздар мекені дей алмаймыз. Антарктидада мұздар еріп, жаңа жерлер пайда болып жатыр.
Гренландия мұздығы ерісе не болады?
Ғалымдар мұздың еруі жылдан жылға жылдамдап бара жатқандығын айтып, дабыл қағуда. БҰҰ-ның мұздардың еруі бойынша жасаған есебіне сәйкес, 2005 жылдан бері теңіз деңгейі XX ғасырға қарағанда 2,5 есе тез көтеріліп келеді. Климат бойынша БҰҰ сарапшылар тобы егер көмірқышқыл газы осы деңгейде (CO2) шығарылатын болса, мұздың еруі 2100 жылға қарай төрт есе артатынын ескертті.
Мысалы, жақында Антарктидадан соңғы 50 жыл ішіндегі ең үлкен айсберг бөлініп шықты. Оның салмағы 315 миллиард тонна, аумағы 1636 квадрад шақырым. Оның көлемі Шотландияның Скай аралымен тең. Мұз тауға D28 деген ат берілді.
Жаһандық жылынудан ағаштар емес, киттер құтқарады
РS.Біз алдын-ала болжанбайтын заманда өмір сүріп жатырмыз және бірнеше онжылдықтардан кейін Антарктидада тропикалық ормандар пайда болмайтынына кім кепіл?