Самырқұс(Bombycilla garrulus) торғайтәрізділер отрядына жататын жылқұстары ішінде ән салатындығымен ерекшеленеді. Салмағы 40-83 гр шамасында, айдары бар, қауырсындары түрлі түспен боялған ерекше әдемі құс. Араларында қара түстері де кездесіп тұрады. Төбесінде үлкен айдары, үстіңгі тұмсықтың ұшында кішкентай тісшелері болады. Аяқтары жуан, қанаттары үшкір, құйрығы тік, әрі қысқа болып келеді. Олар көбіне шетен, аюбадам, қарасты жидектері, жиде және жабайы алма ағаштар өскен ормандар мен бақтарда мекендейді. Самырқұсты топ-тобымен ұшып жүргенін қыркүйек айының аяғы мен қарашаның басында кездестіруге болады. Көбіне қылқан жапырақты ормандарда ұя салады. Ұясының құрылысы өзгеше шар тәріздес болып келеді. Бір маусымда 4-6-ға дейін балапан басып шығарады. Қоректеріне байланысты қалалар мен елдімекендер маңында қыстайды. Самырқұс Еуразияның солтүстігі және Солтүстік Америка жерінде кең таралған. nationalgeographic.kz