- Негізгі бет
- Әлемтану
- Анджелина Джоли жеген...
Анджелина Джоли жеген круассан Украинада сатылымға шығарылды
Фото:
Видео кадры/Укрзалізниця
Украинада Голливуд актрисасы Анджелина Джоли жартылай жеген круассан сатылымға шығарылды.
Украинаның Евгений есімді тұрғын Анджелина Джолиді көрген круассан деп желіде оның скриншотын жариялады.
Фотосуреттегі жазуға қарағанда, сатушы Голливуд жұлдызы барған мекемеде тазалықшы болып жұмыс істейді. Ол актрисаның жартылай желінген нан өнімі үшін саудаласу мүмкіндігімен миллион гривен (шамамен 15 миллион теңге) сұрайды.
Кафеде Анджелина Джоли корольдік круассан, лосось және моцарелла қосылған круассанды, сондай-ақ капучиноны таңдаған.
Бұған дейін Голливуд актрисасы Анджелина Джоли гуманитарлық миссиямен Украинаға келген болатын.
Т. Раушанұлы