Америка атты алып "әлемнің" тұрғындары туралы ең қызықты мәліметтермен таныс болыңыз.
Көпшілігімізді басқа мемлекет тұрғындарының қалай өмір сүретіндігі, қандай музыка тыңдап, қалай тамақтанатындығы, қанша ақша табатындығы, салт-дәстүрі т.б. қызықтырады. Әсіресе, америкалықтарға келгенде, бұл қызығушылықтың екі есе артып кететіндігі жасырын емес. Өйткені, олардың менталитеті, өмір сүру деңгейі "біздің" адамдардан ерекшеленеді. Тіпті, жақсы өмір іздеген адамдардың мұхит асып кете баратындығы бар.
АҚШ-тағы Гранд-Каньон, Мүсіндер Алқабы, Йеллоустонский қорығы, Игуасу сарқырамасы, Амазония әлемі, Алясканың көк мұздары, Наска шөлі, Эльдорадо аймағы сынды табиғат тамашалары сізді қашанда күтетін болады. Американың басқа да көрікті мекендерін мына видеодан тамашалай аласыздар:
АҚШ – өте үлкен ел, сондықтан да оның географиялық жағдайын, штаттарының тұрғындарын, олардың өмірін айтып жеткізу үшін бірнеше кітап қажет болады. Бұл тығырықтан шығу үшін сіздермен АҚШ-тың өмірінің айнасы бола алатын Нью-Йорк қаласынан мысал алғалы отырмыз.
АҚШ-тың эмигранттардан құралған ел екендігі белгілі. Мәселен, Нью-Йоркте Римге қарағанда әлдеқайда көп итальяндықтар, Дублинге қарағанда ирландықтар көп тұрады. Және Америкада мемлекеттік тіл жоқ. Америкалықтардың көпшілігі ағылшын тілінде сөйлегенімен, бұл тіл заңдастырылмаған.
Америкалықтар өзге адамның тірлігіне мүлде араласпайды, қызығушылық танытпайды. Мәселен, сіз көшенің ортасындағы тас жолда жатып алдыңыз дейік, өзіңіз сұрамайынша, олардың бірі де жақын келіп, не істеп жатқандығыңызды сұрамайды.
Өрт сөндірушілер, жедел жәрдем, полиция қызметкерлері шақырылым бойынша тез жетеді. Олардың ішінде ең бірінші болып келетін өрт сөндірушілер алғашқы көмек көрсете береді, керек десеңіз, олар аяғы ауыр әйелдерді босандыра алады.
АҚШ-та медицина және өрт сөндіруші қызметкерлеріне өте жоғары құрмет көрсетіледі. Мемлекет те оларға қамқорлық танытады. Мәселен, Нью-Йорктегі қарапайым медбикенің айлығы – 6000 доллар. Дәрігерлердің бұдан бірнеше есе көп алатындығы айдан анық.
Америкадағы көп жолдар ақылы, бұл әсіресе, көпірлер мен жерасты жолдарына қатысты. Өйткені, осы жолдар сапарды қысқартып, жанармайға кететін ақшаны көбейтеді. Нью-Йоркте жүретін жолыңыз үшін шамамен 6 доллар төлейсіз.
АҚШ-тың медицинасы өте қымбат болғандығымен, медициналық қызметтер жоғары деңгейде көрсетіледі. Мәселен, жедел жәрдем шақырып, ауруханға түскен болсаңыз, тексерілуге 500 доллар төлейсіз, ал қарапайым рентгеннің бағасы – 200 доллар. Дәрінің бағасы да әжептеуір қымбат. Оталардың бағасын өзіңіз ойлай беріңіз. Науқастың мұрны сынған болса, отаға 60 000 доллар төлейді, бұған косметикалық өңдеулер және басқа да майда-шүйделер кірмейді.
Бірақ, америкалықтардың басым көпшілігінің медициналық сақтандырулары бар және ол адамдардың дәрі-дәрмегін, оталарды төлейді.
Бір қызығы: сіздің денсаулығыңызға қауіп төніп, ота жасау керек болса, ақшаңыздың немесе сақтандырудың жоқ болғандығына қарамастан, сізге көмек көрсетіледі. Ал медициналық қызметтің ақысы почтаңызға жіберіледі. Бір сөзбен айтқанда, лауазымға, әлеуметтік жағдайға қарамастан, өте жоғары деңгейдегі медициналық көмектер беріледі.
Америкалықтар өздерінің аспанмен таласқан ғимараттарын мұнара деп атайды.
АҚШ-тың тұрғындары өте көп мөлшерде салық төлейді. Есесіне мемлекет оларға тұрмыс деңгейіне қарай қамқорлық танытады. Мемлекет жеткілікті мөлшерде зейнатақы мен қосымша көмектер көрсететіндіктен, зейнетке шыққан салық төлеуші ештеңені уайымдамаса да болады. Мейрамханалардан егде жастағы кісілердің көп ұшырасатындығы да осы себептен деп біліңіз.
Мемлекет науқас әжелер мен аталарға күтуші беріп, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етеді. Арнайы ұйымдар оларға тамақ тасиды, олардың тоңазытқыштары аптасына екі рет жаңартылады.
Интернеттің америкалықтардың өмірінен алатын орны өте маңызды. Олар интернет арқылы төлемдер жасайды, билет, тауар, азық-түлік сатып алады. Вокзалда, мейрамханада, қонақ үйде, мектепте, қоғамдық орындарда тегін Wi-Fi қызметін тауып алу оп-оңай. Интернеттің бағасы өте арзан әрі жылдамдығы жоғары.
АҚШ-тың әрбір қаласынан әлемнің әртүрлі елдерінің асханаларын табуға болады. Нью-Йорк қаласында жер бетіндегі барлық халықтың асханасы бар.
Әлемдегі ең мықты сервис Америкада және мұны осы елде болған әрбір турист мойындайды.
Айтпақшы, Нью-Йорк қаласынан кез келген құстың етін жей аласыз, мейлі ол сүтқоректі болсын, жыртқыш болсын, бастысы қызыл кітапқа енбеген болуы керек.
Америкада футболды әйелдерге арналған ойын деп санайды. Өйткені, мұнда футболды көбіне қыздар ойнайды, жалпы, америкалықтар регби және бейсбол ойындарын жақсы көреді екен.
Америкада үйсіздердің саны көп емес. Олардың 97%-ы осындай өмірді өздері қалайтындықтарын айтқан, қалған 3%-на көмек көрсететін арнайы ұйымдар құрылған. Қалада үйсіздерге қонуға болатын мекемелер жұмыс істейді. Суық күндері оларды жинау үшін арнайы автобус жүреді.
Америкалықтардың көпшілігі тұратын жерлерін жиі ауыстырып тұруды жақсы көретіндіктен (немесе жұмыс, оқу мәселесімен орын ауыстырады), жалдамалы үйді құп көреді.
Америкада ешкім ешкімді оқуға қинамайды. Бәрі өз қалауыңмен іске асады. Оқу орындарында мұғалімдер де сіздің артыңыздан жүгіріп, сабақ сұрамайды. Солай болғанымен, студенттер жақсы оқиды екен. Себебі, мұнда таныс-тамыр, ақша деген жүрмейді, сіздің біліміңіз, талабыңыз бағаланады және біліміңізге қарай айлық төленеді.
Жоғары оқу орындарында еркіндік болғанымен, орта білім беру жүйесінде (12 жылдық) тәртіп қатал. Қызының немесе баласының сабаққа келмегені үшін ата-ана түрмеге де түсуі мүмкін.
Американдық мектептердегі ең маңызды пән – ағылшын тілі және математика.
АҚШ-тағы білім беру өте қымбат болғандықтан, ата-аналар баласы дүниеге келген сәттен бастап ақша жинайды. Университеттегі бір жыл үшін 40 000 доллар төлейсіз. Ең танымал немесе жекеменшік университеттер бұдан да қымбат келеді.
Мемлекеттік қызметтегі адамның мерекелік демалыс күндері өте аз: шамамен, жылына 5-6 күн ғана. Өте үлкен мекемелер 9 күнге дейін ғана жұмыс істемеуі мүмкін.
Америкада әрбір штаттың өз жол ережесі бар.
АҚШ тұрғындары мәдениетті өте жоғары бағалайды, сондықтан мұнда мұражайлар, галереялар, көрмелер, театрлар көп. Олар киноны кинотеатрдан көреді. Билет бағасы – 12 доллар.
Американдықтар адамның киімінің фирмасына, өндірушісіне, фасонына қарамайды, бастысы сізден жағымсыз иіс шықпай, таза көрінуіңіз керек.
Олар өте сенгіш және адал. Мәселен, көптеген кафелерде Кока-Кола, Спрайт, Пепси сынды газды сусындарды тегін ішуге болады. Және соустарға, жаңғақтарға қатысты осындай еркіндіктер бар. Бұл елде осыларды артық мөлшерімен алып, үйіне таситындар табылмайды.
Америкалықтар шылым шегуге оң қабақ танытпайды. Шылым шегуге барлық жерде тыйым салынған (бір қорабына 10 доллар). Кәмелеттік жасқа толмағандарға мүлде сатылмайды, сатылған жағдайда, дүкен қожайыны лицензиядан айырылып, дүкен мүлде жабылады.