2021 жылдың басында алтынның дүниежүзілік валюта қоры 35 244 мың тоннаны құрады. Бұл туралы Дүниежүзілік алтын кеңесі (World Gold Council) хабарлады.
Орталық Азиядағы ең үлкен алтын қоры бар мемлекет – Қазақстан. Еліміз 387,9 тонна алтынмен 14-ші орынға енген. 2020 жылғы статистикамен салыстырғанда Қазақстан бір саты төмендеген. Бірақ былтырғыдан бағалы металл 4,4 тоннаға көбейген.
Алтын қорлары ең көп елдер: Қазақстан қай орында?
Қазақстан Халықаралық валюта қоры мен Еуропалық Орталық банкті қоспағанда, әлемдегі алтын қоры бойынша былтыр 13-ші орында тұрды, ал 2014 жылдың төртінші тоқсанында еліміз тек 23-ші орында еді. Алтынды белсенді сатып алудың арқасында 2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасының алтын валюта қоры 2020 жылдың қараша айына дейін 383,3 тоннаға бағалы металмен толықтырылды.
Ал көрші елдерден мемлекеттік алтын қоры бойынша Өзбекстан 332,5 тонна алтын қорымен 132 елдің арасында 16-шы орында. Тәжікстан 62-ші, Қырғызстан 63-ші орында. Түркіменстан туралы ешқандай ақпарат берілмеген.
Биыл да алтын қоры бойынша Америка Құрама Штаттары бірінші орынға ие болды. АҚШ-тың алтын қоры – 8,1 мың тоннадан астам.
Германия, Италия, Франция, Ресей, Қытай, Швейцария, Жапония, Үндістан және Нидерланды алғашқы ондыққа енді.