- Негізгі бет
- Әлемтану
- Әлемнің үздік әуежайлары...
Әлемнің үздік әуежайлары анықталды
2021 жылдың ең үздік 100 әуежайы рейтингі жарияланды.
Британиялық Skytrax жеке консалтинг компаниясы рейтингті 100 елдің жолаушылары арасында жүргізілген сауалнама негізінде 500 әуежайға баға берді. Әлемдегі үздік әуежайларды анықтау кезінде инфрақұрылым, кезек, қызмет көрсету және жолаушыларға қызметкерлердің қатынасы ескерілді.
Бірінші орынды Дохадағы "Хамад" халықаралық әуежайы (Катар), екінші орынды Токиодағы "Ханеда" әуежайы (Жапония), үшінші орынды Сингапурдың "Чанги" әуежайы, төртінші орынды Оңтүстік Кореядағы халықаралық әуежай "Инчхон" иеленді. Үздік бестікті Нарита қаласындағы жапон халықаралық әуежайы қорытындылады.
Хамад халықаралық әуежайы – 1-орын. Сурет www.facebook.com/HIAQatar сайтынан
Алтыншы орынды Мюнхендегі "Франц -Йозеф Штраус" әуежайы (Германия), ал жетінші орынды "Цюрих" әуежайы (Швейцария) иеленді. Сонымен бірге "Франц-Йозеф Штраус" Еуропадағы ең үздік әуежай деп танылды.
Токиодағы Ханеда әуежайындағы терминал – 2 -орын. Фото @ Shutterstock
Лондондағы "Хитроу" халықаралық әуежайы 20-25 миллион жолаушылар санатындағы әлемдегі ең үздік әуежай деп танылды және үздіктердің рейтингінде сегізінші орынға ие болды.
Оңтүстік Кореядағы Инчхон халықаралық әуежайы - 3 орын. Фото @ Shutterstock
Жапонияның тағы бір әуе айлағы – Осака қаласының маңындағы "Кансай" тоғызыншы орынды иеленді. Қытайдағы "Гонконг" әуежайы топ ондыққа енді. Ол Қытайдағы үздік әуежай деп танылды.
Сингапур Чанги халықаралық әуежайы – 4-орын. Фото @ Shutterstock
Былтырғы рейтингте 102-орыннан 2021 жылғы тізімде 17-орынға көтерілген "Ыстамбұл" әуежайын атап өткен жөн. Бұл әуе айлағы әлемдегі ең озық әуежай деп танылды.
ТМД елдерінің алғашқы жүздігіне Баку әуежайы кіреді (51-ші орын), Мәскеудегі "Шереметьево" (57-ші орын) және "Екатеринбург" әуе айлағы (100-орын).
А. Оралқызы