- Негізгі бет
- Әлемтану
- Әлемдегі ең құрғақ...
Әлемдегі ең құрғақ шөлде қар жауды
Чилидегі жаңбыр аз жауатын, кейбір жерінде мүлдем жаумайтын Атакама шөлінде қар жауды. Кей жерлерде қардың қалыңдығы 15 сантиметрге жеткен.
Сальвадор тұрғындары мұндай қарды кемінде 30 жыл көрмегенін айтады. Атакама шөлі - әлемдегі ең құрғақ шөл. Шөлдің кейбір жерлерінде бірнеше онжылда бір рет жаңбыр жауады.
Айта кетейік, Атакама шөлі (ис. Desierto de Atacama) — Оңтүстік Америкадағы Орталық Анд жотасының батыс етегінде жатқан шөл. Климаты тропиктік пассаттық, Перу суық ағысы әсерінен салқын болып келеді. Жағалауының орташа температурасы ең ыстық айда 19-20°С, ең салқын айда 13-14°С, ал ұзын аңғарларында ыстық айда 23°, салқын айда 12 °C.
Жауын-шашын өте сирек түседі (жылдық мөлшері 50 мм), кейбір жылдары мүлдем жаумайды.
Үндістер тілінде “А.”- шөлді аймақ деген ұғымды білдіреді.
Т. Раушанұлы