Әлемдегі ең кішкентай бойлы адам – Хагендра Тапа Магар 28 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Гиннестің рекордтар кітабының сайты хабарлады.
Хагендра Тапа Магар 1992 жылы Непалда туған. Оның бойы 67,08 сантиметр. Тәуелсіз қозғалу қабілеті бар әлемдегі ең кішкентай адам ретінде танылып, 2011 жылы Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген. Айта кету керек, Хагендра филиппиндік Джуни Джей Балаувинге қарағанда 7 см биік, бірақ Балауинг өздігінен жүре алмайды.
“Хагендра тез арада танымал болды және 2011 жылы Непалдың ерікті туризм бойынша өкілі болып тағайындалды”, - делінген хабарламада.
Хагендраның достары оның соңғы кездері демікпе және жүрек ауруымен күресіп жүргенін айтады. Ол 16 қаңтарда Непалдағы Манипаль ауруханасына жатқызылған. Бір күн өткесін қайтыс болған.
Енді тәуелсіз қозғала алатын әлемдегі ең кішкентай адам атағы, бойы 70,21 сантиметр колумбиялық Эдуардо Нино Эрнандеске өтті.