Жаңа тіл үйреніп жатқандардың барлығы жаңа әліпбимен таныс болады десек қателесеміз. Өйткені, әлемдегі көптеген тілдер әбден көзіміз үйренген латын әліпбиін пайдаланады. Бірақ әліпбиі ерекше тіл үйренудің сәті түсіп жатса, бұл естен кетпейтін тәжірибе болатыны анық. Бүгін сізге әлемнің ең қызық әліпбилерін көрсетеміз.
Армян әліпбиі
Жазу бағыты: солдан оңға қарай
Әріп саны: 38
Армян әліпбиі біздің заманымыздың 405 жылдарында пайда болды. Негізін қалаған армян линвисті, рухани көшбасшысы — Месроп Маштоц. Алғашқыда әліпбиде 36 әріп болған, уақыт өте тағы екі әріп қосылды. Әліпби XVIII–XIX ғасырда Осман империясында кеңінен қолданылған.
Бали әліпбиі
Жазу бағыты: солдан оңға қарай
Әріп саны: 47 (33 дауыссыз және 14 дауысты)
Бали тілі абугида жазу стиіліне жатады. Оның негізгі белгілерінің бірі екпін дауыссыз дыбысқа түседі. Әліпби Бали аралында (Индонезия) кеңінен қолданылады. Халық арасында Aksara Bali және Hanacaraka деп атайды. Бали әліпбиі — Брахми жазуынан бастап алады. Бали қарпі көптеген азия мемлекеттерінің жазуына ұқсаса да, олармен салыстғанда әлдеқайда қиынырақ. Бали тілін әдетте діни мақсатта, соның ішінде индуизмге арналған қасиетті жазуларды жазу мақсатында қолданылады.
Грузин әліпбиі
Жазу бағыты: солдан оңға қарай
Әріп саны: классикалық әліпбиде 38, жаңа әліпбиде 33
Түркия мен Ресейдің ортасында орналасса да, Грузия мемлекетінің ешкімге ұқсамайтын өз тілі мен әліпбиі бар. Грузияда үш жазу жүйесі қалыптасқан: асомтаврули, нусхури мен мхедрули. Бұл жүйелер әріптің жазылуы бойынша ерекшеленсе де, бір ретпен орналасқан әрі бірдей атауға ие. Үш әліпбидің ішінде мхедрули заманауи грузин және туыс картвель тілдеріне ортақ стандартты әліпби ретінде қолданылады.
Иврит әліпбиі
Жазу бағыты: оңнан солға қарай
Әріп саны: 22
Еврейлер тілі иврит әліпбиі патшалық арамей әліпбиінің тармағына жататын абджад бөліміне жатады. Бұны иврит жазуы үшін соның ішінде идиш, иудео-испан, иудео-араб және иудео-персид тілдерінде қолданылады. Еврей әліпбиінде бас әріптер жоқ, 22 әріптен тұрады, соның ішінде бесеуі сөз соңында әртүрлі жазылады.
Огама әліпбиі
Жазу бағыты: жоғарыдан төмен, солдан оңға қарай
Әріп саны: 25
Огама жазуын әліпби ретінде емес, көркем жазу ретінде ғана қабылдайтын адамдар жеткілікті. Өйткені, ол тек ерекше ғана емес, өте әдемі қаріпке ие. Огама әліпбиіндегі әр әріптің өз атауы бар, дәстүрлі түрде өсімдіктер мен ағаштар атауынан басталады. Огама жазуын ежелде ирланд тілінің жазбасы ретінде қолданған. Бұл әліпбидің өзектілігі жоғалса да, әлі де Ирландия және Британияның кей аймағынан табуға болады.