Күллі әлемде өз елінен өзге жерге бас сауғалап қашқан босқындардың саны рекордтық деңгейге жетті, –деп хабарлайды 24.kz порталы.
Бұл туралы БҰҰ мәлімдеген. Былтыр босқындардың саны 60 млн-ға дейін жеткен. Ресми мәліметтер бойынша, олардың тең жартысы – балалар. Күн сайын орта есеппен 42 мың 500 адам туған жерін тастап кетуге мәжбүр көрінеді. Оған Таяу Шығыстағы саяси ахуал себеп. Гуманитарлық ұйымдар барынша көмек көрсеткенімен, жағдайдың оңалар түрі жоқ.