- Негізгі бет
- Әлемтану
- Әлемдегі атауы бірдей...
Әлемдегі атауы бірдей қалалар бір-бірінен несімен ерекшеленеді?
Өмірде адамның өз аттасына тап болуы жиі кездеседі. Әлемде аттас адамдар ғана емес, бірдей аталатын қалалар да бар. Жер шарында Париж деп аталатын 48, ал, 20-дан Мәскеу атты елді мекен бар. AdMe.ru әлем картасын аралап, біз білмейтін ұқсас қалаларды туралы жазды.
Самара (Ресей) және Самара (Коста-Рика)
Еділ бойындағы Самара қаласының алыстағы Орталық Америкада "егізі" бар. Самара — әкімшілік орталығы болып табылатын Коста-Риканың Гуанакасте провинциясындағы аудандардың бірі. Ол толқынды және құмды жағажайлары арқылы әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді өзіне қызықтырады.
Париж (Франция) және Париж (АҚШ, Техас)
Өнер мен сән-салтанаттың ордасы саналған Франция астанасы – Париж әлемге мәлім. Бірақ, АҚШ-та да осы аттас қала бар. Жергілікті тұрғындар Техастағы бұл қаланы "әлемдегі екінші үлкен Париж" деп атайды. Қаланың Париждегідей Эйфель мұнарасы бар. Бірақ ол Франциядағы мұнарадан әлдеқайда кішкентай – биіктігі 20 метр.
Лондон (Ұлыбритания) және Лондон (Канада)
Америка континентінің өз Лондоны бар. Бұл атау ХІХ ғасырдың басында Жоғарғы Канаданың астанасы болуы керек болған шағын еуропалық елді мекенге берілді. Айтпақшы, Ұлыбританиядағы Лондон Темза өзенінің жағасында болса, Канададағы Лондон қаласының жанынан ағып өтетін өзен де "Темза" деп аталады.
Санкт-Петербург (Ресей) және Санкт-Петербург (АҚШ, Флорида)
Бұл америкалық қалашықтың негізін салушылар қалаға атау беру туралы келісімге келе алмай, әркім өз идеясын ұсынған. Дауды шешуде лотерея монетасы көмекке келген. Жеңімпаз орыс ақсүйегі Петр Дементев болған. Ол курортты қаланы Нева өзенінің бойындағы қаланың құрметіне атауды ұсынған.
Сидней (Австралия) және Сидней (Канада)
Аустралия мен Канаданың Сиднейлері ағылшын лорды Томас Сиднейдің құрметіне аталған. Сонымен қатар, Америка континентіндегі қала кенгуру еліндегі қаладан 3 жыл бұрын қалыптасқан.
Барселона (Испания) және Барселона (Венесуэла)
Иә, Жер бетінде тағы бір Барселона бар, бірақ Испания қаласындағы сәулетші Гаудидің жауһарлары бұл қалада жоқ. Венесуэладағы бұл елді мекенді Каталониядан келген иммигранттар қалаған, олар алғашында қаланы "Жаңа Барселона" деп атаған. Бірақ уақыт өте келе әлем картасында Испанияның ең ірі қалаларының бірінің көшірме атауы пайда болды.
Рабат (Марокко) және Рабат (Мальта)
Арабтар Мәдина аралының көне астанасын екіге бөлгенде Мальтадағы Рабат қаласы пайда болды. Кейінірек ол ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра нысанына айналды.
Ош (Ош) (Қырғызстан) және Ош (Ош) (Франция)
Қырғызстан мен Франция бұл қалалардың атын бөліспейді. Ош – Орталық Азиядағы ірі қала және Қырғызстанның оңтүстік астанасы. Оның Еуропадағы аттасы – бірнеше ондаған мың француздар тұратын шағын коммуна.
Ал, сіз қандай қалаларды білесіз?
Т. Раушанұлы