Әлемде мұнай бағасы көтерілді. Brent маркалы қара алтын құны шілде айының басынан бері алғаш рет барреліне 50 АҚШ долларына бағаланды.
Ал WTI маркасы барреліне 47 долларға саудаланған. Сарапшылар мұнай бағасының көтерілуіне АҚШ қорындағы қара алтын құнының азаюы мен қыркүйек айындағы ОПЕК елдерінің кезекті кездесуі әсер етті деп отыр. Себебі сол отырыста мұнай экспорттаушы елдер оны өндіру көлемін қысқарту туралы келісімге келуі мүмкін.
Дегенмен кейбір мамандар биыл мұнай бағасы күрт өспейді, қымбаттаса да барреліне 60 доллардан аспайды деп болжайды.
Дереккөз: 24.kz