- Негізгі бет
- Әлемтану
- Әлем елдерін қандай...
Әлем елдерін қандай мәселе мазалайды?
Ipsos What Worries the World зерттеу жұмысы бойынша, сауалнама қатысқан 28 мемлекеттің тұрғындарының басым бөлігі өз елдерінің ұстанған бағыттары дұрыс еместігін алға тартқан. Орташа көрсеткіш 58% болса, өз болашақтарына уайымдайтын елдердің көшін Оңтүстік Африка (77%), Франция (77%), Испания (76%), Түркия (74%) мен Бельгия (74%) бастап тұр.
Сауалнамаға 65 жасқа дейінгі адамдар онлайн түрде жауап берген.
Қытай (94%) өздерінің ұстанған бағыттарының дұрыстығына еш күмән келтірмеген. Ал, екінші орынға Сауд Арабиясы (84%) жайғасса, үштікті Үндістан (73%) аяқтайды.
Қаржы және саяси жемқорлық (34%), кедейлік пен әлеуметтік теңсіздік (34%), жұмыссыздық (33%), қылмыс пен зорлық (31%), денсаулық сақтау (24%) мәселелері бүгінде жаһан бойынша басты орындарға іліккен.
Т. Есқали