АҚШ-тағы аниматроник- инженерлер сыртынан нақты дельфиннен ажырату қиын робот дельфин құрастырды. Ол жүзеді, сақиналардан секіреді және акробатикалық трюктерді орындайды.
Роботты жасау үшін медициналық силикон қолданылған. Бұл дельфин цирк қойылымдарында және дельфинариумдарда пайдалануға болады.
Робот-дельфиннің ұзындығы 2,5 метр, салмағы 250 кг. Оны оператор радиоарна арқылы басқарады. Робот Калифорнияда сынақтан өтіп, аквариумдағы дельфиндердің орнына басу үшін жасап шығарылған.
Edge Innovations бас директоры Уолт Конте әлемдегі дельфинариумдарда шамамен 3 мың дельфин тұтқында екендігін айтты. Ерекше роботты тірі жануарлармен шоу көрсетуге тыйым салынған цирктер мен бақтарда пайдалануға болады.