Американ армиясы жүздеген экзоскелеттік костюмді тапсырысқа берді. Бұл костюм өз кезегінде дәл Темір адамның экранизациядағы костюміне ұқсайды.
Жаңа құрылғы Массачусет технологиялық университетінде шабуылға қарсы тактикалық костюм ретінде жобаланған. The Verge пресінің берген ақпараты бойынша, әрбір экзосклет борттық компютермен басқарылады екен. Ол солдат-оператордың өміріне қауіп төнген уақытта тойтарыс береді және шешім қабылдауды тездетеді.
Костюмнің негізгі ерекшелігі – қас қағым сәтте «сұйық сауытын» қаптап үлгеретіндігінде. Бұл оператор костюмнің қорғаныштық қабілетін қалыптастырады. Оқ жаудырған кезде солдаттардың жаралануынан сақтандырады. Костюм әрқашан оператордың дене температурасын өлшеумен болады, яғни, қан қысымын, тамыр соғысын және ішкі ағзалардың сұйықтығын өлшейді. Қандай да бір қиын жағдай туғанда солдатқа керекті заттар – оттегі маскасы мен жылу балонын пайдалануға болады.
Ғалымдар алғашында Тони Старк жайлы фильмде көрсетілген ұқсас лаборатория ойлап табуға ұмтылған. Алайда алғашқы нәтижеге жеткен миллиардер Элон Маск фантастикалық фильмдегі дауыс пен қимыл-әрекет арқылы басқарылатын суперкомпютердің практикада қолданылмайтынын байқаған.
Дайындаған: Шерхан Талапұлы
Сурет: furfurmag.ru