Алтын сақина таққан ұзын мойындар Мьянмада тұратын падаунг халқының ерекшелігі. Жергілікті әйелдер бес жастан бастап темір құрсау кие бастайды. 16 жасқа келгенде салмағы 5-6 келі, биіктігі 20 сақинаға дейін жететін әшекей олардың басы мен мойнының арасында ерекше сән береді.
Бұл дәстүр Азияда қалай пайда болды? Сақиналар күнделікті өмірге кедергі келтіре ме және қандай жағдайларда әйелдерге оларды алып тастауға рұқсат етіледі? Массагет порталы осы сұрақтар төңірегінде ізденіп көрді.
Сұлулық құрбандықты қажет етеді
Мьянманың солтүстік үш штатын қамтитын 50 000 адамдық "Карен" этникалық тайпасының бір бөлігі – падаунгтар қалалардан шалғай ауылдарда тұруды, күріш өсіруді, сиыр мен ешкі бағуды және орманда жабайы аңдарды аулауды жақсы көреді.
Әйгілі мойын созу салтын орта ғасырлардан бері карен тайпасы ұстанып келеді. Алайда, өзге елдердің ықпалы мен қыздарының зайырлы өмірге ұмтылуынан бұл дәстүр бірте-бірте жойылып барады.
Алтын құрсауды отбасындағы 4-5-тегі қыз баланың мойнына ауыл бақсысы немесе тәжірибелі емші ата-ананың шешімінен кейін орнатады. Бүгінде бұл дәстүрді ұстанатынын немесе ұстанбайтынын қыз шешеді, бірақ егер сақинаны таңдаса, ол оны өмірінің соңына дейін тағуға мәжбүр болады.
Сақиналардың саны жыл сайын артып отырады. Қыз бала тұрмысқа шыққанда, әдетте 15-16 жаста сақина тағу тоқтатылады.
Бұл дәстүр, олардыың нанымына сай әйелді биіктете алмайды. Бұл иықтың шөгуінен және қабырғалардың қысылуынан туындаған көрнекі әсердің нәтижесі. Сақина мойынға еркін орналастырылған, бұл әйелге басын бұрып, денесін жууға мүмкіндік береді.
Неліктен Карен әйелдері металл құрсау киеді?
Ғаламшардағы барлық әйелдер сияқты, олар мұны ер адамдар үшін жасайды. Ертеде жергілікті мәдениеттерде "аққу мойын" дененің ең тартымды бөлігі болып саналған, ал қысқа мойын әйел әдемі болып саналмаған. Бүгінде падаунг халқы басқа халықтардан ерекшеленетін дәстүрге құрмет ретінде оны ұстанып келеді.
Сақиналардың тағы бір себебі – туристерді тарту. Ерекше көрініс отбасыларға фотосуреттер мен қолдан жасалған әшекейлерді шетелдіктерге сату арқылы қосымша табыс табуға мүмкіндік береді.
Біртүрлі африкалықтар
Азия халқынан басқа, ұзын мойын Африканың ndebele тайпасында да құрметтеледі. Бұл архаикалық адамдар мойындарына ғана емес, қолдары мен аяқтарына да жүзік тағып жүреді. Сосын оларда семіз әйелдер әдемі және бай деп есептейді. Бұл оның жақсы тамақтанатынын білдіреді.