Ағылшындар көне Лондонды ағаштан тұрғызып өртеп жіберді

Ағылшындар көне Лондонды ағаштан тұрғызып өртеп жіберді
Фото: dailyscribbling.com

1666 жылғы өртті еске алу үшін Лондон халқы Темза өзені маңында 120 метрлік қаланың қайтар тұрғызылған ағаш макеттін өртеді. 

XVII ғасырдағы Лондонды бейнелейтін мүсіндік композиция 350 жыл бұрынғы Ұлы өртті еске алу мақсатында отқа оранды. Жоба авторы америкалық Дэвид Бесту, ал жобаны жүзеге асыруға жергілікті тұрғындар көмектескен. Алып өртті көруге жүздеген көрермен жиналды.

Ұлы Лондон өрті 1666 жылы 2 қыркүйекте басталған және төрт күннен кейін әрең сөндірілген. Үйлердің көпшілігі өртеніп, 100 мың халық баспанасыз қалған соң қаланы қайта салуға тура келген. 

Дереккөз: inform.kz

 

Е. Жұмабайұлы