Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасының (NASA) ғалымдары Марста таңғажайып сигналдар аулаған, олардың кейбіреулері сейсмикалық құбылыс болса, басқалары құпия болып отыр. Бұл туралы ақпаратты Sky News жариялады.
“NASA-ның Марста жүретін құрылғысы InSight өткен жылы қарашада Қызыл ғаламшарға барып, сәуірде алғашқы сейсмикалық шуылды тіркеді. Оны NASA “тыныш, бірақ анық дірілдеу деп сипаттады”, - делінген хабарламада.
Сейсенбі күні жарияланған аудиотаспаның үлгілері InSight сейсмометрі анықтаған 100 жаңалықты қамтиды. Алайда, олардың ішінде тек 21-і “Марстың дірілдеуі” ретінде – Марстағы жер сілкінісі екені анықталды.
Ғалымдар Марстың дірілдеуін зерттеп, құпия шуылдың неден болғанын анықтауға үміттеніп отыр.