- Негізгі бет
- Әлемтану
- NASA Айға ұшуға...
NASA Айға ұшуға үміткерлерді таңдады
АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасы Айға ұшуға 10 үміткерді таңдады. Бұл туралы NASA-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Ғарыш туристері командасы алты ер адам мен төрт әйелден тұрады. Олар Айға ұшу үшін екі жыл арнайы дайындықтан өтеді.
Агенттік Айға ұшқысы келетін 12 000 адамның өтінішін қабылдаған.
© NASA
Болашақ ғарышкерлердің тізімі келесідей:
Николь Айерс – АҚШ Әскери-әуе күштерінің майоры, ол ұшақпен 200-ден астам жауынгерлік жаттығу орындаған;
Маркос Берриос – АҚШ Әскери-әуе күштерінің майоры, ол ұшақпен 100-ден астам жауынгерлік жаттығуды орындады;
Кристина Бирч – математика, биохимия және молекулалық биофизика бакалавры;
Дениз Бьорнхэм – АҚШ Әскери-теңіз күштерінің лейтенанты;
Люк Делани – АҚШ теңіз жаяу әскерінің отставкадағы майоры;
Андре Дуглас – машина жасау магистрі;
Джек Хэтэуэй – АҚШ Ұлттық гвардиясының қолбасшысы;
Анил Менон – АҚШ Әскери-әуе күштерінің подполковнигі;
Кристофер Уильямс – физика бакалавры, астрофизика ғылымдарының докторы;
Джессика Виттнер - АҚШ Ұлттық гвардиясының лейтенант-қолбасшысы.
Олардың барлығы 30-40 жас аралығындағылар
Ата кетейік, 2020 жылы NASA Artemis ғарыш бағдарламасының егжей-тегжейімен бөліскен болатын. Бағдарлама бойынша агенттік 2024 жылы Айға алдымен әйел ғарышкерді, содан кейін ер ғарышкерді ұшырады.
Бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін NASA Space Launch System (SLS) зымыраны мен Орион ғарыш кемесін пайдалануды жоспарлап отыр. Artemis бағдарламасы үш кезеңнен тұрады: бірінші, 2021 жылы ғарышкерлерсіз ғарышқа SLS-тің ғарышқа ұшуы, содан кейін 2023 жылы ғарышкерлермен бірге Айдың айналасында ұшу, үшінші кезең бойынша 2024 жылы Айға алғаш болып әйел ғарышкерді, содан кейін ер ғарышкерді ұшыру көзделген.
Ғалымдардың айтуынша, ғарышкерлер бір апта ішінде Айда түрлі үлгілерді жинап, бірқатар ғылыми тәжірибелер жасайды. Содан кейін олар Ай орбитасына оралып, Орион ғарыш кемесінің көмегімен Жерге қайтады.
Бағдарлама барысында роботтар мен ғарышкерлер Айдағы су сияқты ресурстарды іздейді. Содан кейін мұндай қорларды басқа пайдалы қорларға, мысалы, оттегі мен отынға айналдыру үшін зерттеу тәжірибесі жүргізіледі. Жаңа озық технологияның көмегімен ғарышкерлер Айда ұзақ қашықтыққа саяхаттап, үлкен аймақты зерттейді.
Т. Раушанұлы