- Негізгі бет
- Әлемтану
- Forbes тарихындағы ақшалы...
Forbes тарихындағы ақшалы жануарлар
Шупет есімді мысық 19 ақпанда қайтыс болған дизайнер Карл Лагерфельдтің мысығы. Ол өз иесінен қалған 200 миллион долларлық мүліктің бір бөлігіне ие болуы мүмкін деп жазып жатыр bbc.com. Сән әлемінің өкілі 2015 жылы: "Шупеттің өз мүлкі бар, ол мұрагер, алда-жалда маған бірдеңе болатын болса, оған қарайтын адам қиналмайды" деген екен.
XVII ғасырда-ақ үй жануарларының мұрагер болуы тіркелген. Мысалы, француз кардиналы Ришелье бар байлығын асырап отырған 14 мысықтың атына жаздырып кеткен. Бұған көнбеген оның туыстары 14 мысықты өлтіру арқылы мәселені шешкен. Уақыт пен заман өзгерді. Бірақ қалталылардың мұндай шешімі әлі сол күйінше қалып келеді. Forbes тізімдеген бақытты мұрагер жануарларды назарларыңызға ұсынамыз.
• Гюнтер IV овчаркасы — 375 млн доллар
• Шимпанзе Калу — 60 млн доллар
• Опра Уинфри иттері — Сэди, Санни, Лорен, Лейла және Люк — 30 млн доллар
• Мысық Блэки — 25 млн доллар
• Тауық Жиго — 16 млн доллар
• Болонка Трабл — 12 млн доллар
• Чихуахуа Кончита — 11,3 млн доллар
©ololo.tv
Гюнтер IV овчаркасы — 375 млн доллар
1992 жылы неміс графиниясы Карлотта Либенштейн қайтыс болған соң оның 224 миллион стерлингтік мүлкі иті Гюнтер III овчаркасына өтеді. Ит Мадоннаға тиесілі әсем сарайда өмір сүреді, кабриолетпен Майамиде саяхаттаған. Аралдарда демалатын болған. Оның байлығы кейін Гюнтер IV-ке өтеді. Былтыр жануарлар арасында бұл ит әлемнің ең бай жануары атанған. Оның жалпы байлығы 375 миллион доллар.
©econet.ru
Шимпанзе Калу — 60 млн доллар
2006 жылы миллионер әйел Кенмор графиниясының қызы Патриция ОʼНил байлығының негізгі бөлігі мен Оңтүстік Африкадағы жерін шимпанзеге өсиет етіп қалдырған. Қалған байлығын иттері мен мысықтарына бөліп берген. Бірақ Калуни атты шимпанзеге "әлемнің ең бай жануары" деген атақ маңдайына жазылмаған екен. 2010 жылы Патриция ОʼНил қаржылық алаяқтықпен айналысатындарға алданып қалып, бар байлығынан айрылып қалады.
©travelask.ru
Опра Уинфри иттері — Сэди, Санни, Лорен, Лейла және Люк — 30 млн доллар
Сэди, Санни, Лорен, Лейла және Люк атты иттер әлемдегі бақытты жануарлар қатарында. Себебі америкалық тележүргізуші Опра Уинфри иттері кейбір адамдардан да бай. Уинфри иттерінің суреттерін үнемі әлеуметтік желілерге салып отырады. Тіпті иттері үшін арнайы 30 миллион доллар қаражат бөліп қойған.
©progress.online
Мысық Блэки — 25 млн доллар
1988 жылы Блэки атты мысыққа миллионер, антиквариат заттармен сауда жасайтын Бен Ри 25 миллион долларын мұра етіп қалдырады. Өз кезегінде туыстарына бір тиын да қалдырмаған. Ри мысығына күтім көрсету шартымен аталған сумманы 3 қайырымдылық қорына бөліп береді. Блэки ең бай мысық ретінде Гиннестің Рекордтар кітабына да енген.
©ololo.tv
Тауық Гигоу – 16 млн доллар
2001 жылы Гигоу атты тауыққа ағылшындық миллиардер Майлз Блэквел бизнесін сатып, түскен ақшадан 16 миллион долларын мысығына мұра етіп жаздырады.
©ololo.tv
Болонка Трабл — 12 млн доллар
2007 жылы миллиардер Леона Хелмсли қайтыс болардан бұрын сүйікті иті Траблге 12 миллион долларын мұра етіп қалдырады. Көзі тірі кезінде Хелмсли Нью-Йоркдағы атақты ғимарат Эмпайр-стейт-билдингтің иесі болған. Ал ит 2011 жылы 12 жасында өлген. Бұл иттің бір жылдық шығыны 100 мың доллар болған. Оның 8 мың долларын "шашын" сәндеуге жұмсаса, 1200 долларын тамаққа жұмсаған. Ал негізгі шығындар оның қауіпсіздігіне жұмсалған. Себебі Траблды өлтіруді немесе ұрлап кетуді көздегендер өте көп болған. Иттің өлімінен соң қалған ақша қайырымдылық қорына өткен.
©kot-pes.com
Чихуахуа Кончита — 11,3 млн доллар
Майкл Сайлид Гейл Познер өлімінен соң, оның иті Чихуахуа Кончитаға 3 миллион доллар мен Майамидегі құны 8,3 миллион долларлық вилла мұра болып қалады. Кончита өте бай тұрады. Күнде сапалы тағамдар жеп, Cartier-дің 10 мың долларлық әшекей бұйымдарын тағып жүреді.
Т. Раушанұлы