Forbes журналы 2019 жылғы әлемдегі ең бай адамдар санын 2153 деп жариялағанын жазған едік.
Солардың 551-і әлемдегі 1860 қаладан тек, 10-ында ғана тұрады деп хабарлайды Forbes. Бұл қалаларда тұратын миллиардерлердің жалпы байлығы – 2,3 триллион доллар. Дүние жүзінде тек жеті мемлекеттің ЖІӨ ғана мұндай суммаға жете алады.
Ең көп байлар тұратын қалалар рейтингісінің көшін әдеттегідей Нью-Йорк бастап тұр. Аталған қалада 84 миллардер тұрады. Олардың жалпы байлығы 496,7 миллиард доллар болып, бұл Австрия сынды мемлекеттердің ЖІӨ-інен де көп. Соңғы бес жыл ішіндегі әлемдегі ең ірі екі биржасы бар қала, 2015 жылы Мәскеуді қаладағы миллардерлер саны бойынша артта қалдырғалы бері көш тізгінін бермей келеді. Ал Мәскеу 2016 жылдан бері 71 миллиардерімен рейтингтің үштігін қорытындылап келе жатыр. Екінші орында Гонконг қаласы (79 миллиардер).
Forbes журналы жариялаған топ-10 қалалардың тізімі:
Қала
Миллиардерлер саны
Жалпы байлық
Қаладағы ең бай адам
Нью-Йорк, АҚШ
84
$469,7 млрд
Майк Блумберг, Bloomberg LP
Гонконг, Қытай
79
$355,5 млрд
Ли Кашин, Cheung Kong Group
Мәскеу, Ресей
71
$336,5 млрд
Леонид Михельсон, «Новатэк»
Бейжің, Қытай
61
$193,3 млрд
Ван Цзяньлинь, Dalian Wanda Group
Лондон, Ұлыбритания
55
$226 млрд
Михаил Фридман, «Альфа-Групп»
Шанхай, Қытай
45
$110,7 млрд
Колин Хуан, Pinduoduo
Сан-Франциско, АҚШ
42
$109,2 млрд
Дастин Московиц, Facebook
Шэньчжэнь, Қытай
39
$190,5 млрд
Ма Хуатэн, Tencent
Сеул, Оңтүстік Корея
38
$99,9 млрд
Ли Кун-Хи, Samsung
Бомбей, Үндістан
37
$184,4 млрд
Мукеш Амбани, Reliance Industries
Еске сала кетейік, миллиардерлер саны Азия аймағында, әсіресе Қытайда қатты қысқарғанын, ал керісінше бизнес әлемінде пайда көріп, байлардың қатарына қосылғандар жағынан АҚШ пен Бразилия кәсіпкерлері алда екндігі туралы жазған едік.